Нейрондық желі. Жасанды интеллект жазуды үйренді
Неміс блогері Тормари Лул емтихандарды шешуге арналған ерекше машина жасады. Ол ChatGPT нейрожелісі мен 3D-принтерді біріктірген.
Өнертапқыш кәдімгі 3D принтердің бағдарламалық жасақтамасын мәтін құра алатындай етіп қайта бағдарламалады. Содан кейін блогер принтердің қозғалатын басына шарикті қалам бекіткен. Алғашында принтер жиі істен шығып, қалам құлап қала берген екен. Тіпті мәтінді кері жазған сәттер де болыпты. Алайда бірнеше күндік толассыз еңбектің арқасында 3D принтер қаламды игеріп, берілген мәтінді жазуды үйренді.
Тормари Лул ChatGPT жасайтын мәтін, принтердің бағдарламалық құралына автоматты түрде түсетініне көз жеткізді.
Блогер 2, 8 және 10-сыныптар үшін үш мәтін дайындады. Ол олардың әрқайсысын ChatGPT көмегімен шешкен. Нейрондық желі дұрыс жауаптарды қалыптастырса, ал 3D принтер оларды қағазға көшірді. Тексерістен кейін ChatGPT бірде-бір қате жібермегені және барлық мәтін пішіндердің дұрыс жерлеріне енгізілгені анықталған.
Ал енді мына қызыққа қараңыз, таяуда ресейлік студент ChatGPT арқылы дипломын қорғай алған. Шығарманы жазуға небәрі 23 сағат кетіпті. Аталмыш технология көмегімен өзгеше тәсіл қолданып, қанағаттанарлық ұпайға ие болған екен. Мұның бәріне нейрондық желі арқылы қол жеткізген. Дипломның тақырыбы: «Ойыншы компанияның менеджментін талдау және жетілдіру». Нейрожелі жұмыс жоспары мен әр тақырып бойынша ақпараттарды мүдірмей жазып шыққан. Алгоритмдер алдын ала көрсетілген көздерден барлық қажетті материалды жинап, сұрыптап, қорытынды жасады. Энтузиасттың айтуынша, ол ChatGPT-ті ағылшын тілінде қолданған. Осылайша нейрондық желі жақсы жазады. Студент тек оларды біріктіріп, орыс тіліне аударып, нақты қателерді ғана түзетіп шығыпты. Тіпті анти плагиат қосымшасында жұмыс 82 пайызды құраған.
https://www.youtube.com/watch?v=RU7zrcatQVo
Еске сала кетейін, ChatGPT — америкалық коммерциялық емес OpenAI компаниясының нейрондық желісі. Аталмыш сервис жасанды зердемен сұхбаттасуға арналған чат, оған кез келген сауал қоюға немесе онымен жай ғана сөйлесуге болады.