Депрессияны басатын бактерия табылды
Пробиотикалық тәжірибе «жақсы бактериялардың» депрессияны емдеуге көмектесетінін көрсетті. Тәжірибеге күйзеліске бой алдырған 47 адам қатысқан.
Антидепрессанттарға қосымша пробиотикалық қоспаларды қабылдаған зерттеуге қатысушылар 31 күн ішінде депрессиялық белгілерінің жақсарғанын көрсетті. Зерттеушілер, сонымен қатар, пробиотиктерді қабылдағандардың ішек флорасындағы өзгерістерді байқады: сүт қышқылын шығаратын бактериялар көбейген. Бұдан бөлек, пробиотиктерді қабылдағандардың ми қызметі де жақсарған. Мұның себептері мен тетіктері әлі беймәлім. Пробиотиктердің денсаулыққа тигізетін пайдасы анық емес және олардың пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін екенін анықтау үшін зерттеулер жалғасуда. Дегенмен, ғалымдар пробиотиктердің антидепрессанттарсыз өздігінен емделмейтінін және тірі бактериялардың белгілі бір түрлерінің көптеген адамға әсерін зерттеу үшін қосымша зерттеулер қажет болатынын атап өтті.
Уайлл Корнелл медициналық колледжінің (АҚШ) ғалымдары депрессияның дамуына психологиялық факторлар ғана емес, сонымен қатар физиологиялық себептері де болуы мүмкін екендігі туралы жаңа дәлелдер келтірді. Мамандар күйзелістің басталуын Bacteroides тобындағы бактериялармен байланыстырады. Сарапшылар осы психикалық ауытқудан зардап шегетін адамдарда бұл микроорганизмдердің белсенділігінің төмендегенін байқаған. Bacteroides микробы, ғалымдар атап өткендей, ішек микрофлорасының ең көп таралған түрлерінің бірі. Бактериялар белсенділігіне байланысты ақуыздар мен қышқылдарды өңдейді, көмірсулардың ашуына ықпал етеді. Америкалық сарапшылар бұл қосылысты күйзелістің дамуымен байланыстырады. Миды тыныштандыратын және оны гиперстимуляциядан қорғайтын GABA көлемінің бұзылуынан адам мазасыздықты бастан кешіреді, ұйқысы қашады. Қорғаныш нейротрансмиттерінің төмен деңгейі депрессияның даму қаупін көрсетеді. Бұл тарапта тышқандарға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, гамма-аминобутир қышқылының концентрациясының жоғарылауына байланысты психикалық ауытқу белгілері төмендейді. Бұл жаңалық, дәлірегі, Bacteroides бактериялары мен аталған ауру арасындағы байланыс тетігінің осы қауіпті дертті емдеудің тиімді әдістерін табуға көмектесетінін алға тартады.