Гаджеттер әлемінен жаңалықтар

  Гаджеттер әлеміндегі жаңалықтардың дайджест Samsungтен суперкамера, екі экранды ноутбук, автопилотты арбаша.

  Технологиялар, гаджеттер және заманауи техникалар әлеміне қош келдіңіздер, қазір оларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Біз сіздер үшін «GadGet News» айдарында HI-Techтің соңғы жаңалықтар топтамасын дайындадық.

  Samsungтен 200 МР-дік камера. Бұл соңғы жетістік пе?

  Оңтүстік кореялық смартфон жасаушылар флагмандық смартфондарға арналған 200 мегапиксельдік камераны ұсынады. Бірінші 200 МР-дік сенсор ISOCELL HP1 өткен жылдың қыркүйек айында ұсынылған, бірақ ол ешбір смартфонда болмады. Жасаушылардың айтуынша, камераның жаңа модулін Samsung Galaxyдің S23 Ultra жаңа флагманында қолдану жоспарлануы әбден мүмкін, оның анонсы ақпанның 1-де өткізіледі. Болашақта, бұл модуль Samsungтің жаңа камерофондар топтамасында пайда болды.

  200 млн 0,6 микрометрлік (мкм) пиксельді, оптикалық форматы 1/1, 3 дюйм болатын бұл шешім мақтауға тұрарлық. Ол бұрынғы бергіштерге қарағанда жарық жинаудың жоғары деңгейі мен HDR-ді жаңа функциялармен қамтамасыз   етеді. Жарықтандыруы төмен жағдайларда бергіш 50 мегапиксельдік көріністерді 1,2 мкм ажыратымдылықпен түсіре алады. Samsung Dual Vertical Transfer Gateтің (D-VTG) жаңа технологиясы түстердің берілуін жақсартып, жарықтың түсірілу уақытын азайтады.

  Компания «Бұл әрбір фотодиодқа жететін электрондар санын екі есе көбейтіп, пиксельдің өткізу қабілетін 33 %-ке арттырады», - деп жазған.

  HDR-дің жақсы өндірілуін қамтамасыз ету үшін Samsung алғаш рет DSG функциясын 50 Мп режимінде ұсынады. Ол пиксель мәнінде алынған ұқсас белгілерге екі бөлек түрлендіруді қолданады. Сонымен қатар  Smart-ISO Pro, HDR-шешімі бір жарық түсіргендегі ISO-ның әртүрлі деңгейдегі көрсеткіштерін біріктіріп, камераға көріністерді 12,5 Мп ажыратымдылықпен, ал бейне-көріністі HDR форматында секундына 60 кадр түсіруге мүмкіндік береді.

Lenovaдан әлемдегі бірінші толық өлшемді, екі экранды ноутбук.

  Lenova компаниясы YogaBook 2023 ноутбугін ұсынды, оның басты ерекшелігі – толыққанды екі экраны. Ол YogaBook 9і-дің түпүлгісі ретінде алғаш рет CES көрмесінде көрсетілген болатын.

  Ноутбук көлемі 13 дюймдік екі OLED экран бар. Қажет жағдайда төменгі экран, сенсорлыққа айналып, мәтінді сымсыз клавиатураның көмегімен басуға болады. Қытайлық өндірушілердің туындысы соңғы үлгідегі Intel Core процессорымен жабдықталған, ол 16 ГБ жедел жады және сыйымдылығы 1 ТБ қатты денелі жинақтаушымен (SSD) бірге жұмыс істейді. Аккумулятордың сыйымдылығы 80 Втч, ол өндірушілердің айтуынша, екі экран жұмыс істеп тұрғанда 10 сағатқа, бір экран қосылып тұрса 14 сағатқа жетеді. Ноутбук USB-C деген үш портпен жабдықталған.

  АҚШ-да оның бағасы 2100 доллардан басталады.

  YogaBook 2023 ноутбугіне шолу

  https://www.youtube.com/watch?v=QMCT6QqU1s8&t=150s

2023 жылы ықшам аудиоплеер ме? Және Android-те ме?

  Sony компаниясы Аndroid операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін жаңа Walkman NW-A306 ықшам аудиоплеерін ұсынды.

  Аудиоплеердің дисплейі 3,6 дюйм, ажыратымдылығы 1280х720 пиксель. Ол МР3 файлындағы дыбыстарды автономиялық жағдайда 36 сағат бойы шығарады. Плеер Wi-Fi желісінде жұмыс істей алады, сондықтан музыканы стримингтік платформалардан тыңдауға болады. Сонымен қатар тұтынушылардың батырманың көмегімен негізгі функцияларды басқару мүмкіндігі бар. Бұл девайс (FLAC 44,1 КгЦ) 36 сағатқа дейін, (FLAC 96 КгЦ) 32 сағатқа дейін және музыкалық сервистің қосымшасын пайдаланып 26 сағатқа дейін автономды түрде жұмыс істей алатындығы мәлімделді. Плеер Android 12-де жұмыс істеп, Bluetooth S.O қолданылады және USB Type-C порты бар. Сонымен қатар құрылғыға 9-Master HX цифрлы күшейткіші орнатылған, MQA технологиясымен ұсынылып, Qualcomm aptX HD және  LDAC кодектерін қолдайды. Құрылғының ауқымы 56,5х98х11,8 мм, салмағы 113 гр. Аудиоплеерді 400 $ -ға сатып алуға болады.

  https://www.youtube.com/watch?v=mRQ5TNxtmW8

Автоматты балалар арбасы

  Лас-Вегаста өткен CES 2023 көрмесінде таңқаларлық жайттар көп болды. Белгілі өндірушілердің жаңалықтары «Start Up» жобалар, компаниялардың бірлесіп жасаған серпілісті ІТ өнімдері және көптеген басқа нәрселер. Біз, бүгінгі күні ІТ Саласында серпілісті болып есептелмейтін, бірақ көптің, соның ішінде ерлі-зайыптылардың да назарында болған, бір жобаны атап өткіміз келеді. Жаңа технологиялар арбаға да қолданылатыны кішкентай балалары бар көптеген отбасылардың ойына да келмеген. Нарықта көптеген жаңаланған балалар арбасының түрі болғанымен, бөбегіңмен серуенді жеңілдететін, әртүрлі құрылғылары бар, мынадай толыққанды пилотсыз арба көрсетілмеген.

  Ella Al Powered арбасы канадалық Gluxkind өндірушілерінің стартап жобасы. Ол ішінде бала болмаған жағдайда ғана толық пилотсыз арба болып есептеледі. Дегенмен Ellaның көп функционалдығы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Арба тауға саяхаттауға арналған қос моторлы жүйемен, түсіп келе жатқанда автоматты тұрде тежеу жүйесімен жабдықталған.

 Оған қоршаған нысандар мен кедергілерді анықтайтын бергіштер, бейнекамера, жаяужолда жүру навигациялық жүйесі орнатылған. Пилотсыз Ella арбасының ерекшелігі, ата-ана баласын өзі көтеріп келе жатқанда, арба бірге жүріп отырады. Сонымен қатар девайста автоматты тербету мен нәрестенің дұрыс ұйықтауын қамтамасыз ететін ақ шу генераторы бар. Ella Al Poweredтің құны 3300 доллар. Арбаларды әкелу 2023 жылдың сәуір айынан басталады.

 

Сымсыз інжу тасты сырға-құлаққап. Ханымдар қуаныңыздар!

  Nova компаниясы H1 Audio Earrings атауымен аудиосырға жасап шығарды. Сыртынан қарағанда кәдімгі әшекей бұйым сияқты, бірақ оның өзіндік құпиялары бар.

  Біріншіден, қабы, әшекейге арналған қорапқа ұқсайды, ол қуаттандыру функциясын атқарады.

  Екіншіден, ол ірі табиғи інжу тасты кәдімгі сырға сияқты көрінеді. Олардың артына динамиктер орнатылған бұл технологияның көмегімен дыбысты бірдей тұтынушының құлағына жеткізеді. Бірақ, оның ерекшелігі шуды басатын функциясы жоқ, сондықтан аудиосырға арқылы музыка тыңдап отырғанда, айналадағының бәрін естіп отырасыз. Автономдығы оны белсенді түрде 3,5 сағат пайдалануға мүмкіндік береді. Құлаққапта 4 микрофон бар, бұл 2,5 сағат бойы сөйлеуге мүмкіндік туғызады.

  Үшіншіден, сырғаға бастырма орнатылған, ол дыбыс пен телефон қоңырауларын реттеуге мүмкіндік береді. Сырғаның екі түрі бар, күміс және алтын түсті. Айта кетерлігі, түстің де маңызы бар. H1 Audio Earrings нағыз күміс және алтынмен қапталған, сондықтан бағасы әртүрлі. Өндірушілердің сайтында, алтын 695 фунт стерлинг, күміс 595 фунт стерлинг тұрады.

  Сонымен қатар, құлағы тесілген адамдар оны түйме сырға ретінде тағуына болады және клипсалары да бар. Аудиосырғаның әрқайсысының салмағы 7,7 грамм. Оны кәдімгі сырға ретінде тақса ауырлау болып, сырғалықты тартып тұрғандай әсер етеді. Құлаққапты құлақтың сырғалығына не шеміршегіне бекітуге болады. 

                                                                      

TikTok енді қазақ тілінде!

  Танымал қосымшаның қолданушылары үшін Қазақстандағы TikTok енді қазақ тілінде де қолжетімді. Тұтынушылар қосымшаны енді аударуға мүмкіндік бар, - деп жазуда. Оны келесідей жасауға болады оң жақтағы төменгі бұрыштағы «профиль» батырмасын басып, жөнге келтіруді ашып, «жөнге келтіру және құпиялық» бөліміне кіресіз, ондағы «қосымшаның тілінде» «қазақшаны» басасыз.

  Компанияның өкілдері қосымша қазақ тілінде қолжетімді екендігін растады.

  «ТikTok әрдайым қосымшаның тұтынушыларға ыңғайлы, әрі қолжетімді болуы үшін тырысады. ТikTok қосымшаның енді қазақ тілінде де қолжетімді екендігін қуана хабарлайды. Қазақ тіліндегі бағдарламаның таңдалуы қосымшаның Android және iOS құрылғыларына арналған соңғы релизінде пайда болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

  Бұл уақыт аралығы технологиялар әлеміндегі соңғы жаңалықтар топтамасы. Әлем бір орында тұрмайды, бәрі өзгеруде. Біздің мақсатымыз соңғы жаңалықтардан хабардар болу. Мақалаларымызды оқыңыздар,  ал біз өз кезегімізде одан әрі де сіздерді таңғалдыруға тырысамыз!