Huawei, микрочип. Жетістік пен құлдырау. АҚШ санкциясын айналып өтудің тың амалы

  Huawei – ғаламдық технология алпауыттарының қатарында.

  Десе де соңғы бірнеше жылда Шығыстағы көршіміздің мүддесіне қызмет етеді деген айыппен АҚШ санцкия сала бастады. Бұл текетірестен соң компания елеулі қиындыққа тап болды. Сын бар жерде шығар жол да табылады. Нақақ шырғалаңға алпауыт серіктестік оңай түссін бе? Түйіткілді еңсеру үшін жатпай-тұрмай ізденіп, ультракүлгін сәулені түрлендіру технологиясын патенттеді. Мұндай жетістік компанияға шағын чиптерді өздігінен басып шығару мүмкіндігін туғызды. Осылайша АҚШ-тың санкцияларын айналып өтіп қана қоймай, осы құрылғылар өндірісінде күллі индустрияға бәсекелес бола алатын жағдайға жетті. Төтенше ультракүлгін күрделілігі сонша, оны қолдану мақсатында коммерциялық қондырғы жасау үшін голландиялық ASML компаниясына 17 жыл және 6 миллиард еуродан астам инвестиция қажет болған.

456  2019 жылға дейін гаджеттер нарығында процессорлардың төрт ірі өндірушісі болды: Qualcomm, MediaTek, Exynos және меншікті HiSilicon Kirin компаниялары. Енді бұлардың қатарына басы даудан арылмаған Huawei де кірді. Бұлар ойлап тапқан микрочиптер секундына 50 мың жиілікте жүреді. Технологияны қайталау өте қиын, өйткені қажетті EUV сәулелену ультракүлгін және рентгендік спектрдің шекарасында теңдестіреді. Дегенмен Huawei инженерлері кедергі әсерлерімен күресу үшін айналар жүйесін пайдалану арқылы тығырықтан шығудың жолын тапты.

 

789  Компанияның айтулы жетістігін тілге тиек еттік, енді олар жасап шығаратын смартфондардың ерекшелігіне де тоқталсақ. Huawei құрастырушылары ойлап тапқан әлемдегі алғашқы жасанды интеллекті бар чип жарыққа шыққаннан кейін технологияның адам өмірін қаншалықты жеңілдете алатынына көз жеткіздік. Серіктестіктің басты жетістігі - Huawei Mate 20 смартфондар тізбегі. Камера, бейнелерді өңдеу функциялары, түрлі инновациялық жаңарулар. Бұл тұтынушыларды қатты қызықтырған белгілер. Компания өнімдері өндірістің аяқ алысын отандық техноблогерлер де соңғы уақытта жарыса айтып жүр. Солардың бірі – белгілі журналист Әлішер Өмірзақ. Әлішердің Huawei смартфондарына көңілі ауғанына 5 жылдан асқан.

 

 220131104527572e

Әлішер мырза, өнімді таңдауға не себеп? Және компания тарихына қысқаша шолу жасап өтсеңіз.

  • Компания жұмысын алдымен модем өндіруден бастады. Бұл саладаолардың айтарлықтай жетістігі жоқ еді. Әрі бәсекеге қабілетсіз екендері айдан анық көрініп тұрды. Ал 2010 жылы алғашқы андройд платформасындағы смартфондарын шығарды. Бұл аты аңызға айналған U8230 еді. Орта Азия елдері мен бұлғарлар арасында кең сұранысқа ие болды. Содан бері қанша уақыт өтті. Олардың смартфондары қазір бюджеттік нарықта алдына жан салмайтынын бәріміз көріп жүрміз. Жыл сайын мен де соңғы үлгілерін пайдалануға тырысамын.

Рақмет! Қазір 5Х шолуы жайлы біраз пікір айтылып жүр. Қолданушылардың көбі оның арнайы бюджеттік бәсекелестерін ығыстыру үшін ойлап табылған арнайы жаңалық деген пікірде. Сіздің ойыңыз қандай?

  • Иә, мен де келісер едім. Себебі бұл құрылғы Xiaomi және басқа да өндірушілерді ауыстыру мақсатында құрылды. Онысы көңілге қонымды болғанын уақыт көрсетіп берді. Арзан, қолжетімді әрі тартымды. Ойындарды жүктеуде де ешқандай қиындыққа тап болмайсыз. Ал 5X-де орнатылған модуль үшін фотосуреттердің сапасы өте жоғары. Бұл даусыз.

Смарфондардың өнімділігі мен дизайны, пішініне тоқталып өтсеңіз.

  • Өнімділігі соңғы жылдары артып келеді. Әсіресе алдыңғы қатарлы Apple, Samsungсынды көш басындағы компанияларды қуып келе жатқан бірден бір компания. Мұның басты ерекшелігі - сыртқы дизайнының өте тартымды болуы, процессоры мен көп функциялық оперативі жылдан-жылға жақсарып келуі. Ең ұтымды тұсы - бағасы. Мәселен, 10 FHD, Хоннор, Mediapad 3G, 5С сынды смартфондары дәл осындай процессорлы басқа компания өнімдерінен әлдеқайда арзан. Ал жұмысы олардан біршама жоғары екенін атап өтуге болады.

Сұхбатыңызға рақмет, Әлішер мырза!

  Huawei холдингі қызықты смартфондар шығарып, оларды қолжетімді бағамен сатады. Құрылғылар бүкіл әлемде танымал. Технология кезеңінде кез келген платформада Huawei смартфондары жайлы кері байланыс табуыңыз таңқаларлық емес. Компания өкілдерінің өткен өткелдері тек технологиялық салада емес, жеке дамудың жарқын көрінісі іспеттес. Мойымау, тек қана алға ұмтылу. Бұл жеңіске жетелер үлкен күш!