17 миллиард галактика. 5 гигапикселді микроскоп. Өзге ғаламшарлықтар жайлы бір үзік ой

  Аспан денелері, ұсақ бөлшектер. Ғылым дамыған сайын зерттеу нысандары да күрделене түспек.

  Ұлғайту, көзге мүлде көрінбейтін, адамзатқа таңсық құбылыстарды қолжетімді ету бүгінгі зерттеушілердің басты мақсаты. Дьюк лобараториясының ғалымдары бейнелерді үш өлшемде түсіру үшін арнайы камера ойлап тапты. Құрылғы 54 линзадан құралған. Алдымен дененің қиыс бұрыштары түсіріліп, кейін кескіндер алып бейне жасау үшін біріктіріледі. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жаңа құрылғы бұған дейінгі қалыпты микроскоптардан 50-100 есе ауқымдырақ. Өзгеше технология тек қимылсыз денені ғана емес, секундына 230 кадрмен 3D бейнені көрсете алады. Өнертапқыштар кескіндердің 5 гигапиксельден асатынын айтады. Құрылғыны кең қолданысқа беру үшін ғалымдар жаңа алгаритмдерді қолдануға ниетті. Алайда нақты қай уақытта өндіріске енетіні әзірге белгісіз.

037eb9374983832996e40c8e6fd2c92a

  Иә, ұсақ денелерді ұлғайтудың сыры ашылғалы түрлі жаңашылдықтар еніп жатқаны белгілі. Сонымен қоса аспан денелеріне деген қызығушылық та толастамайтыны анық. Әсіресе ғаламдық жылыну деп дабыл қаққалы қандай планетада өмір сүруге болады деген сауалға әлі күнге жауап іздеп келеміз. АҚШ штаттарының бірінде орналасқан Америка Ұлттық үдеткіш зертханасының инжинерлері де бәсекелестерінен қалысар емес. 3.2 гигапиксельді құрайтын алып телескоп жайлы естуіңіз бар ма? Жоқ болса, мақаланы мұқият оқуға кеңес беремін.

                                        800px European Extremely Large Telescope     34fcf14e51b14330e55577eb24c43ec9

  Жаңағы айтқан телескопымыз Чилидегі Вера Рубин обсерваториясында сыналып жатыр. Камера 7,8 метрлік айнамен жабдықталған. Авторлардың айтуынша, алып құрылғы тіпті Гиннес рекордтар кітабына да енген. Бір қызығы, телескоп түн сайын 20 терабайттан астам дерек жинайды. Көру бұрышы 20 шаршы метрден асып жығылады. Сізге түсінікті болу үшін былай айтайық. Алып құрылғы кеңістіктегі 17 миллиард галактиканы көруге қауқарлы. Бұл арқылы астеройд немесе түрлі қауіпті каметалардың қозғалысын да бақылауға мүмкіндік туған. Зерттеушілер биылғы жылдың екінші жартысында алғашқы сынақ суреттерін жариялауға уәде етіп отыр. Қазіргі болжам бойынша ғалымдар адамзат кеңістіктегі жалғыз халық емес деген тұжырым да бар. Ақылға қонымсыз. Алайда зерттеу нәтижелерін күтуден басқа амалымыз жоқ.