Альцгеймер ауруын емдеудің тың тәсілі пайда болды
Енді алжуды емдеудің жаңа әдісі қолданылады. Мұндай терапия осы дерттен жапа шеккен кеміргіштерге қолданылған. Нәтиже көңіл қуантарлық.
Альцгеймер ауруы митохондриялық дисфункциямен, яғни ақаумен байланысты болса да қазіргі уақытта патологияның осы аспектісіне бағытталған арнайы терапия жоқ. Осыған байланысты Негевтегі Бен-Гурион университетінің зерттеушілері кернеуге тәуелді митохондрия қақпасына бағытталған емдеудің жаңа тәсілін ұсынды. Ол митохондриялық белсенділікті, сондай-ақ, жасуша өмірі мен өлімін бақылайды. VDAC1 митохондриалды жасуша өлімі процесінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ықтимал нысана ретінде ғалымдар Альцгеймер ауруының тышқан үлгісіндегі митохондриялық дисфункцияға назар аударды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жасушадағы VDAC1 ақуызы мөлшерінің артуынан оны арнасы үлкен сақина түріне айналдырады, одан митохондриялық ДНҚ ақуыздар шығып, жасушаның жойылуына ықпал етеді әрі иммундық жауап тудырады. Сондай-ақ, VDAC1 деңгейінің жоғары көтерілуі жүрек ауруларында, ішек ауруларында, аутоиммундық ауруларда және т.б. кездеседі. Ғалымдар ақуыздың Альцгеймер ауруына шалдыққан тышқан миында үлкен мөлшерде өндірілетінін көрсетті. Зерттеушілер VDAC1-мен байланысатын және Альцгеймер ауруымен байланысты патофизиологиялық өзгерістердің алдын алатын VBIT-4 шағын молекуласын жасады. VBIT-4 гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және Альцгеймер ауруымен байланысты нейрондық өлім, нейроинфламация және нейрометаболикалық дисфункциялар сияқты патофизиологиялық өзгерістердің алдын алады. Сонымен қатар, молекула астроциттер мен микроглияларда нейропротекторлық фенотипті индукциялады. Бұл емдеу шарасы миды дегенерациядан қорғап қана қоймай, нейрондардың сау өсуіне және қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етті. Терапия, сонымен қатар, когнитивті құлдыраудың алдын алды. Бір қызығы, қорғаныс эффектісіне тау немесе амилоидты түйіршіктерді төмендетпей-ақ қол жеткізілді. Бұл түйіршіктер Альцгеймер ауруын тудырады деп саналады. Осылайша, ғалымдар Альцгеймер ауруының пайда болуына қатысты гипотезаны жоққа шығарып қана қоймай, сонымен қатар, емдеудің мүлдем тың тәсілін ұсынып отыр.
Бұдан бөлек Англиядағы Рединг университетінің ғалымдары да соңғы жылдары жасарып, кеңінен тарап келе жатқан Альцгеймер ауруын емдеудің жаңа бағытын анықтады. Ағылшын ғалымдарының бұл тараптағы тұжырымына сәйкес мида майлы заттардың жиналуына апарып соқтыратын организмнің қорғаныс қабатының зақымдалуы өз кезегінде Альцгеймер ауруын тудырады. Мамандар бұл гипотезаны липидтік инвазия дп атап отыр. Дәлірегі, гематоэнцефалилік барьердің зақымдалуынан миға тап болатын липидтер нейродегенеративті аурулардың негізгі себебі. Тек қажетті заттардың аздаған мөлшеріне ғана өтуге мүмкіндік беретін мидағы ұсақ қан тамырлар жүйесі. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жаңалық аталмыш дерттің диагностикасы мен терапиясына жаңа мүмкіндіктер береді.