Су үстіндегі тіршілік немесе теңіздегі теңдессіз қала

  Адамзат жерден таршылық көріп отырған жоқ. Алайда, ғылыми серпіліс таңдану мен таңдандырудан жалыққан емес. Судың үстінен қала салуға да көше бастадық. URB компаниясы Dubai Reefs деп аталатын ірі ғылыми және инфрақұрылымдық жобаның құрылысын бастағалы жатыр. Архитектурасы дайын.

 Dubai Reefs 1 c304bda087

  199 шаршы шақырым аумақта жасанды риф аймағы құрылады. Онда миллиардтаған тірі маржандар мен мангрлар шығарылады. Бұл риф қалқымалы платформаларда салынатын болашақ елді мекеннің шегі мен шекарасын белгілейді. Аталмыш жоба үш маңызды міндетті қамтиды. Мұнда, біріншіден, мұхиттарды пайдалану мәселелерін зерттейтін жаңа институт жұмыс істейді. Екіншіден, бұл елді мекен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін, атмосфераға бөлетін зиянды заттары жоқ қаланың үлгілі үлгісіне айналуы тиіс. Үшіншіден, Дубай билігі қазіргі заманғы мелиоративтік технологияларды пайдалана отырып, мұнай терминалдарын салу үшін тереңдету жұмыстары кезінде жойылған жағалаудың экологиялық ортасын қалай қалпына келтіруге болатынын зерттегісі келеді.


  Бұл аймақ рифті қорғау пластормасына айналуы тиіс. Дәлірегі, аталған аймақта кеменің жүзуіне (навигацияға) және оның түбінде қандай да бір жұмыстар жүргізуге тыйым салынады. Толқыннан энергия өндіретін генераторлар орнату, қоршаған ортаға зиянды қалдық бөлмейтін суасты шаруашылықтарын ұйымдастырумен қатар, елді мекен электр қуаты мен азық-түлікті осы көздерден алмақ.  Институтта жұмыс істейтін ғалымдар су астында азық-түлік өсірудің, судың өзін тазартудың, қоқыс пен ағынды суларды (канализация) шығару мәселелерін шешудің және т.б. жаңа технологияларды дереу сынақтан өткізе алады. Жобаны қолға алудың немесе жүзеге асырудың қосымша мақсаты – мұхитты пластик қалдықтарынан тазарту әдістерін зерттеу және атмосферадан көміртекті сіңіретін риф негізінде жүйені құру. Аталмыш жоба 30 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал аяқталғаннан кейін риф қаласы туристердің баратын орнына айналады.

to56dLsTiezIthk2

  Жалпы су үстінен қала салу идеясы бұрыннан көпті толғандырғанымен нақты іске көшу процесі енді басталды.  Сауд Арабиясы да "Оксагон" атты су үстіндегі экоқаланың құрылысын жариялады.

1e0ba2fc1a8d916c9c1c3ea4be23456e

  Сегіз қырлы қала Қызыл теңіз жағалауында жүзіп, тек таза энергиямен жұмыс істейтін болады. Қала Neom жобасының бір бөлігі. Оның мақсаты адамзаттың болашақта өмір сүру және жұмыс істеу тәсілін қайта анықтау, тұрақты балама ұсыну. Ол тұтас бір облыс, Оксагон оның шетінде орналасады. Оксагон Нью-Йорктен 33 есе үлкен болады және табиғатпен үйлесімді өмір сүру принциптерін қамтиды. Қала теңіз порттары мен әуежайларға заманауи интеграцияланған байланысы бар әлемдегі ең технологиялық дамыған логистикалық орталықтардың біріне айналады. Барлығы 100% таза энергиямен жұмыс істейді. Ал, ғылыми-технологиялық мұндай серпілістің  құрылысын мамандар 2030 жылға дейін аяқтауды көздеп отыр.