Эксклюзивті сұхбат. Транс күйі. Регрессология. Өткен өмір ұғымы.

Стендапқа жастар тек ғана атақ үшін келмейді


  «Біз Жанбасақ» бағдарламасы халықтың, әсіресе жастар арасында өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға бағытталған. Бағдарламаның бүгінгі санында қазақша стендаптың бүгіні мен ертеңі жайлы пікір алмастық. Стендапты қазақи аудиторияның қабылдауы үшін қандай реформа қажет? «Ой, мынау әзілдер өтпейді!» стеоротипінен қашан құтыламыз? Нарыққа өтімді өнімді шығаруда қандай кемшін тұстар бар? Осы және өзге де өткір сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Сіз кімсіз, буллер мырза (ханым)?

  «Біз Жанбасақ» бағдарламасы халықтың, әсіресе жастар арасында өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға бағытталған. Әр адам өмірінде бір рет болсын буллинге тап болатыны жасырын емес. Әсіресе ақпарат пен желі дамыған сайын қысым түрлері де көбейді. Бүгінгі шығарылымда буллинг пен моббинг ұғымы, олардың популизациясы мен алдын алу мәселелері жайлы сөз қозғалмақ. Агрессорлармен қалай күресеміз? Бұл тұрғыда азаматтардың құқығы қаншалықты қорғалған? Көптің көкейінде жүрген сауалдарға психолог маман жауап берді.

Қазақ киносының жылдық бюджетіне Голливуд бір-ақ фильм түсіреді



  Бағдарламаның бүгінгі санында отандық киноның кемшін тұстары мен жетістіктері жайлы сөз қозғалмақ. Жанрлық ерекшелік пен көрермен сұранысы қандай? Отандық фильмдерді әлемдік деңгейге жеткізу үшін қандай реформалар қажет? Осы және өзге де сауалдарға кинотеледраматург Жантас Еркін жауап беруге тырысты.

Өнердің шыңын бағындырамын! Ерсұлтан Омар
:

«Біз Жанбасақ» бағдарламасы елдегі жас таланттардың дарынын көпке таныту үшін арнайы әзірленеді. Бағдарламаның бұл саны жас әнші, «Қазақстан дауысы, балалар!» жобасының жеңімпазы  Ерсұлтан Омарға арналған.

Шығарылымда: Ерсұлтанның әнге, қазақ өнерінде деген қызығушылығы қалай туындағаны, оны дәстүрлі әнге кімнің жетелегені жайлы айтылады. Бұдан бөлек, түрлі әлемдік додаларға дайындығы, мектептегі өмірі, өнердегі болашақ жоспарлары жайлы сөз болады.