Европоидтық және аборигендік мәдениеттің қосындысы. Австралия туралы не білеміз?
Австралияның ежелгі халқы – «аборигендер» деп аталатынын білесіз бе?
Антропологиялық түрі бойынша австралиялық аборигендер австралоидтық нәсілге жатады. Олар 200-ден астам тілде сөйлейтін тайпаға бөлінеді. Тасманиялықтар аң аулау және теңіз кәсіпшілігімен айналысқан. Олардың негізгі сенімі тотемизм болды. "Интичиум" рәсімдері, "карабори" салттық билері өткізілді. Наным-сенімнен бөлек, ежелгі аборигендіктер өнерге өте жақын болған. Музыкалық аспаптары - ратчеттер, барабандар. Жартасқа өрнекті кескіндеме салған.
Қызықты ақпарат: Австралиядағы Улуру жартасы планетамыздағы ең таңғажайып көрікті жерлердің бірі. Бұл қасиетті жартас табиғаттың шексіз қиялынан пайда болған деседі. Күн көкжиектен шыққаннан кейін, Улуру кенеттен қою күлгін түске боялады. Күн неғұрлым жоғары көтерілсе, австралиялық жартастың түстері соғұрлым нәзігірек реңкке айналады. Таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Улуру түсі қанық күлгін түске боялады. Кейін қысқа уақыт ішінде сағат 12:00-ге қарай жартас "алтынның" үлкен бөлігі іспеттес болады. Аборигендер үшін бұл 400 метрлік жартас қасиетті болып саналып, ғибадатхана ретінде қызмет еткен. Анангу тайпасының аборигендері рәсімдерін үнемі қасиетті жартастың жанында өткізеді.
Осы пайдалы қазба үшін көп ел Австралияны жаулап алуға қызығушылық танытқан. Соның бірі - ағылшындар. 1788 жылы қаңтардың 26-ы капитан Артур Филлип кейінірек Сидней қаласына айналған Сидней-Коув елді мекенін құрды. Бұл күн тарихи дата саналып, капитан Филлиптің басып кірген күн Австралияда ұлттық мереке ретінде атап өтіліп, «Австралия күні» деп аталады.
Британ колониясы аборигендердің мәдениетіне қатты әсер етті. Ағылшындар агрессивті ассимиляция саясатын жүргізді: бушмендердің балаларын тартып алып, интернатқа орналастырды, онда балаларға ана тілінде сөйлеуге және дәстүрлерін ұстануға, туыстарына баруға және діни рәсімдерді сақтауға тыйым салынды. Бұл жағдайды басынан кешірген адамдар ел арасында "ұрланған ұрпақ" деген атау алды. Мұндай саясат ХХ ғасырдың 80-жылдарында ғана тоқтады.
Қазір байырғы тұрғындар қоныстанған өзге халық өкілдерімен бірге бейбіт өмір кешуде. Олардың көпшілігі туризм саласында, фермалар мен шахталарда жұмыс істейді. Олар ата-бабалар ұстанған дәстүрлерді ұстануға тырысқандықтан, континенттің шөлді және шөлейт жерлерінде тұратын аборигендер аң аулау дәстүрін жалғастыруда.
Қасиетті аборигендік би – Корробори
Корробори (ағылш. Corroboree) - дәстүрлі түрде тек ер адамдар орындайтын аборигендердің салтанатты биі. Бұл австралиялық аборигендік мәдениеттің ажырамас бөлігі. «Corroboree» сөзін алғашқы қоныстанушылар «caribberie» сөзіне еліктеп ойлап тапқан. Ежелгі халық үшін бұл би олардың армандаған уақытымен би арқылы байланысу тәсілі. Дәстүрлі сюжеттерден басқа (күнделікті көріністер, аң аулау, ағылшын жаулап алушыларымен кездесу), әлемді құру, адам өмірінің тарихы сияқты мифологиялық және аңызға айналған сюжеттер қолданылады. Орындаушылар денені көмірмен бояп, өздерін қауырсындармен безендіреді. Олар зергерлік бұйымдарды тағуға мүмкіндіктері болмағандықтан, денелерін әртүрлі түстермен бояу арқылы күнделікті өмірде тақпайтын түрлі зергерлік бұйымдарды елестеткен.
Австралиялық аборигендер корробори арқылы Құдаймен байланысады деп сенген. Сондықтан жерлеу рәсімдерінде олар Құдайдан марқұмның амандығын сұраған. Жергілікті халықтың бұл биге құрметпен қарағаны соншалық бөтен адамдарға корробориге қатысуға, тіпті, оны көруге рұқсат етілмеген.
Қазір Австралияның солтүстік-батысында корробори ұғымы діни мағынаға ие емес. Бұл би мемлекеттік қабылдауларда қонақтарға немесе жай туристерге жиі көрсетілетін театр өнерінің бір түрі болып саналады.
Австралия асханасы
Австралиялық тағамдар - әлемдегі ең алуан түрлі тағам ретінде саналады. Ағылшын-ирланд дәстүрлеріне сүйене отырып, Австралия асханасы азиялық тағамдардың, әсіресе жапон, қытай және малай тағамдарының көптеген аспаздық әдісін біріктірді. Австралиялықтар үшін ет өнімдері өте маңызды. Австралиялықтар қозы мен шошқа, қоян еті, кенгуру, эму түйеқұсы, қолтырауын, опоссум, сондай-ақ уитчетти қоңыздарын тұтынады.