«Сопрано қауымы» телехикаясы. Ол неге үздік?

 

заставка.jpg

 

  Телевизия тарихында жоғары бағаға ие болған телехикаяның бірі - «Сапрано қауымы». Ол телевизияда жаңа дәуірдің бастамасы болды. Керемет жазылған сценарий, актерлік ойын, жоғары деңгейдегі операторлық түсірілім – бұның бәрі осы телесериалда шоғырланды. «Сопрано қауымы» телехикаясы кезең-кезең бойынша түсірілді. Ол 20 жыл ішінде өзектілігін мүлдем жоғалтпағаны таңғалдырады. 

  «Сопрано қауымы» телехикаясы 1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Актерлер гильдиясы сыйлығынан» бастап «Алтын глобус» және т.б. марапаттарын әр бөлімі үшін алған.

«Сопрано қауымы» телехикаясының қысқаша сюжеті

  Тони Сопрано (Джеймс Гандольфини) - бас кейіпкер. Ол Солтүстік Нью-Джерсидегі мафияның басшысы. Қылмыстық ұйымның талаптарын орындай отыра, әртүрлі өмірлік қиындықтарға тап болады. Бас кейіпкер отбасындағы және жеке өміріндегі тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Сонымен қатар Тони Сопрано қылмыстық әлемде ықпалы зор, мықты тұлға болып көрінгенімен, оны қарапайым пенде ретінде көрсетеді. Сериалда оның қиындықтардан шығу жолын көрсетеді.

klan soprano 0

«Сопрано қауымы» фильм ретінде шығуы керек еді

  Сериал режиссері Дэвид Чейз оны телехикая емес, фильм ретінде түсіруді көздеген. Алайда оның сюжеті ауқымды болғандықтан, автор телехикая ретінде, бірақ кино жанрында түсірген. «Сопрано қауымы» алғаш рет HBO кабельдік арнасында шықты.

  Киноға ұқсаған телехикая. Түсірілім сапасы, актерлердің ойыны, драмалық дамудың күрделілігі және кейіпкерлердің тұлға ретінде дамуы - сол кездегі кино өндірісі үшін сирек кездесетін құбылыс еді. Чейздің командасы біраз жыл теледидарда жұмыс істеп, телехикаялар түсіргендіктен, түсірілім жағынан тәжірибесі мол еді. Сол себептен де "Сопрано" телехикаясы кеңінен таралды.

                                                                    Чэйз                  Чэйз 2

Телесериал жанкүйерлері «Сопрано қауымы» кейіпкерлерімен 7 жыл бойы бірге болды

7 жыл бірге  Телехикаяның фильмнен айырмашылығы – көрермен сериал сюжетінің бір мүшесіне айналып, әр кейіпкермен бірге есейіп, қиын кезде шешім қабылдауды үйренуінде. Соңына дейін бірге барады. Оған себеп: сюжет күнделікті өмірдегі оқиғаларға толы. Яғни отбасы мүшелерімен тамақтану, туыстармен қарым-қатынас, отбасылық құндылықтарды дәріптеу кеңінен көрсетілді. Әсіресе ауруханада түсірілген көріністер саны бойынша басқа телехикаялардан асып түсті.

 

«Сопрано қауымы» – анти-қаһарманмен күресетін жалғыз телехикая

анти қаһарман 1  Телехикаяның бас кейіпкері Тони Сопрано көрермен назарына ұсынылып жатқанда антиқаһарманға айналған алғашқы кейіпкер болды. Ол сериалдың соңына дейін кері кейіпкер болып қала берді. Мысалы, «Жанкешті» («Во все тяжкие»), «Американдықтар» («Американцы»), «Анархияның ұлдары», («Сыны анархии»), «Рэй Донован» секілді телехикаяларда анти-қаһарман зұлым кейпінен жақсыға айналып, көрерменнің аяушылығын тудыратын. Ал Тони Сопрано соңына дейін зұлым болып қала берді. Бірақ көрермен Тониды жақсы жағынан да таниды. Отбасына деген қамқорлығы, үлкендерге сыйластығы көрермен бойында бұл кейіпкерге деген аяушылық сезімін ұялатқан сәттер де болды. Ал кейбір көрермен үшін Тонидің бейнесі осы уақытқа дейін шешімі жоқ дау тудырып келеді. Режиссер оны зұлым ретінде көрсеткенімен, көрермен оны үнемі ақтап алғысы келеді. Бұл телехикаяның дұрыс түсінілмегендігі емес, оның неліктен әлі күнге дейін өзекті екендігін айқындайды. Сондай-ақ алтын дәуірдің басқа да телехикаяларына үлгі болып келетіндігін айғақтайды. «Сопрано қауымы» ешқашан моральдық релятивизммен айналысқан емес. Онда Тонидің іс-әрекетін ақтауға тырыспайды, тек оның іс-әрекетінің себебін ғана зерттейді.  

«Сопрано қауымында» әлеуметтік мәселелер көтерілді

  Алғашқы эпизодтардың бірінде Тони Сопраноның әріптестері оның психотерапевтке барып жүргенін біледі. «Еркек жыламайды», «ер адам әлсіздігін көрсетпеуі тиіс» немесе «ер адамның психологқа жүгінуі ұят» сынды қоғамда қалыптасқан таптаурындар «Сопрано қауымында» да өзекті мәселе екені көрсетіледі. Сериал сюжетінде Тони Сопрано психологқа барып жүргенін ұят көріп, бұл шешімін құптамайды.

  Телехикаядағы көтерген тағы бір әлеуметтік мәселе – ксенофобия. Тони Сопраноның нәсілге бөліп, оларға ерекше назар аударатындығын және қысым көрсететіндігін айтуға болады. Ал итало-американдықтардың өздеріне келер болсақ, олар тек ХХ ғасырдың ортасында ғана американдықтар мәдениетіне сіңісе бастаған. Сериалда адамдардың қарым-қатынасы, отбасындағы әйелдің рөлі мен феминизм мәселелері де көрсетіледі.

әлеуметтік мәселе

Дубляж телехикаяға өзгеше леп берді

  Бұл жоба ТМД елдерінің көптеген көрерменінің ұсынысы бойынша Дмитрий Пучковтың  «Гоблин»  аудармасында қаралды. Дәл осы дубляж телехикаяның бар болмысын қаз-қалпында сақтап, актерлердің эмоциясын орыс тіліне тамаша бейімдеп, туындының танымалдылығын арттыруға зор үлес қосты.

  «Сопрано қауымы» телехикаясын толығымен көріп шыққан режиссер әрі сценарист Мансұр Баймұхамбетов  әсерімен бөлісті:

 дубляж  «Сопрано» телехикаясы  кино түсірудің көптеген күрделі элементін біріктірді. Бұл актерлік өнер, операторлық түсірілім, қойылым, монтаж және ең бастысы – сценарий. Ол – кез келген фильмнің драматургиялық негізі. «Сопрано қауымы» шоу болғандықтан, оның шоу жасаушылары «гангстер» тақырыбын кеңінен ашып, революция жасады деп айтсам да болады. Телехикаяда қарапайым тұрмыстық тіршілікті, орта жастағы дағдарыстан зардап шегіп жүрген кейіпкерді көреміз. Шоу жасаушылар мұндай кішігірім тұрмыстық қиындықтарды көрсете отыра, көрерменді ауқымды мәселемен бетпе-бет келетінін күттіреді. Яғни көрермен шытырман әрі жарқын оқиғаны, эпикалық қарама-қайшылықты күтеді. Мысалы, "Жанкешті" («Во все тяжкие») немесе "Тақтар таласы" («Игра престолов») телехикаяларында сюжет ауқымды шытырман оқиғалардан тұрады. Ал «Сопрано қауымында» керісінше. Бұл өзгешелік телехикаяны барынша шынайы етіп көрсетеді. Менің ойымша, бұл сериалды киноөндіріс мамандары оқулық ретінде зерттеу керек. Нақтырақ айтсам, көрерменнің үмітін қалай алдау керектігі туралы сабақ алған жөн. Мен үшін бұл телехикаяның ең мықты бөлігі – сценарий. Оның арқасында телехикая соңғы бөліміне дейін көрермен қызығушылығын тудырып келеді», – деді режиссер.

  «Сопрано қауымы» сюжеті кейбір оқиғалардың шешімін тура бермейді. Керісінше, соңында не болғанын жасырып, көрерменді ойға батырады. Мұндай режиссерлік шешімді құп көремін. Себебі көрерменді ойландырып, оның фантазиясын дамыту шеберлікті талап етеді. Осындай шешім әр фильмге өзіндік өзгешелік сыйлайтын секілді. Телехикая гангстерлер туралы болғанымен, шынайы әрі қарапайым өмірлік оқиғаларды көрсетіп, философиялық пайымдау бар екендігін жоғарыда сөз етілді. Телехикаяның кино саласындағы мамандарға оқулық ретінде пайдалы болатынына сенімдімін.