Араб әлемінің таңғажайыптары

  Араб тілі мен мәдениеті Араб түбегінде пайда болып, қазір бүкіл Магриб пен Таяу Шығысты қоса алғанда, Марокконың Атлант жағалауынан Араб теңізіндегі Оман бұғазына дейінгі аумақты алып жатқан 20-ға жуық елді, 200 миллионнан астам адамды біріктіреді.

 WhatsApp Image 2023 04 05 at 11.13.42 Бұл мәдениеттің негізгі белгісі - араб тілі. Ол бастапқыда Батыс, Орталық және Солтүстік Арабияда дамыды. Араб мәдениетінің ізашары Оңтүстік Арабияның ежелгі мәдениеті болды, оның халқы сабей тілінде сөйледі. Шамамен IV ғасырда Солтүстік арабтар арамей қолжазбасының бір түрі болған әріптік хат жасады. Араб халифаты құрылғаннан кейін араб тілі мұсылман мемлекетінің бүкіл аумағында мәдени және саяси қарым-қатынас құралы болды. Халифаттың құрамына кірген халықтар басқа елдерге (атап айтқанда Батыс Еуропаға) айтарлықтай әсер еткен. Осылайша арабтар әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосқан бірегей дамыған мәдениетті құрды.

ШЫҒЫС БИІ

WhatsApp Image 2023 04 05 at 11.13.56  Араб мәдениеті дегенде ең бірінші ойымызға шығыс биі мен жағымды музыка келері анық. Шығыс би стилі туралы алғашқы мәліметтерді Мысырдың ежелгі ғибадатханаларынан табуға болады. Мәселен, ғибадатхана қабырғаларын безендіретін фрескаларда билейтін адамдардың суреттері сақталған. Мұндай суреттер ежелгі өркениет Месопотамияда да табылған. Фрескалардың жасы 3000 жылдан асады. Ғалымдар бұл билер басында рәсім ретінде қызмет еткенін және босану азабын жеңілдетуге көмектесу үшін қолданылды деп пайымдады. Әйелдер босанған әйелді қоршап алып, жамбаспен тән қимылдар жасап, зұлым рухтарды жаңа туған нәрестеден алыстату үшін қолданған. Біраз уақыттан кейін би Құнарлылық Құдайына табынумен байланысты рәсімдерде қолданыла бастады. Ертеде араб елдерінің тұрғындары үшін жалғыз тамақ табу көзі құрғақ жер болды. Мол өнім алу үшін ғибадатханалардағы діни қызметкерлер жаңа өмірдің пайда болуымен байланысты ішін қозғалту арқылы билеген. Уақыт өте келе бидің стилі өзгере бастады. Яғни салттық, әдеп-ғұрыпқа арналған би біртіндеп халық биіне айналды. Аймақтың құрамына кірген әрбір этникалық топ бишілердің қозғалысына өзіндік бір ерекшелік әкелді. Шығыс биінің стилі жүздеген халық билерінің бастауы болды. Дегенмен барлық шығыс биінің ұқсас элементі – биші міндетті түрде әйел адам болуы керек, ал жамбас пен іштің қозғалысы негізгі элемент болып саналады.

  Шығыс музыкасын басқа бағыттармен шатастыру қиын. Себебі шығыс музыкасы әуезді әрі сызылған әуендерден тұрады. Әуенде халықтық аспап уд қолданылады. Әуенді естіген кезде шығыс ертегісінің атмосферасына еніп, ғажайыпқа кеңелгендей боласыз. Әуезді ән мен бұралған бисіз араб ертегісін елестету мүмкін емес.

АРАБ АСХАНАСЫ

WhatsApp Image 2023 04 05 at 11.13.56 1  Араб тағамдары біріккен халықтардың дәстүрлерінің нәтижесінде пайда болған. Нәтижесінде араб тағамдарында көптеген ұлттық және аймақтық аспаздық әдет-ғұрып орнықты. Негізінен араб тағамдарының құрамы мен атаулары аймаққа байланысты аздап ерекшеленеді. Араб тағамдарында көптеген жеміс, көкөніс пен дәнді дақылдар қолданылады. Арабтар қой еті мен майсыз құс етін жақсы көреді. Оларды дайындаудың басты ерекшелігі – арабтар тағамының дәмін келтіру үшін әртүрлі дәмдеуіштерді, өткір ингредиенттерді және арнайы қоспаларды қолданады.

  Филология ғылымдарының докторы әрі арабтанушы Самал Төлеубаева араб мәдениетінің қазақтардан айырмашылығын атап берді:

  «Қазақтар өздерінің әдеп-ғұрыптарын арабтармен ұқсас деп ойлайды. Мысалы, бізге араб делегациялары келгенде ең қымбат, ең жақсы нәрсені ұсынуға тырысады. Соның ішінде, жылқының еті. Алайда ескеретін жәйт:  арабтар көбіне «жылқы етін жеу» деген әдебі жоқ. Себебі олар жылқыға екі тұрғыдан қарайды. Біріншісі – жылқы олар үшін асыл жан. Олар жылқыны дос деп санайды.  Екіншіден – оларда жұмыс істейтін, қара терге бататын жылқылар бар. Олар оны жеуге жиіркенеді. Керісінше олар  бізге жат нәрсе – ұлуды жеуді ұнады. Базарлардан сатып алып, тек ұнмен тамақтандырып, ұлу тазаланғаннан кейін шөп қосып, одан сорпа пісіреді. Сонымен қатар, оларға құрма мен сүт маңызды. Мысалы, Марокко сияқты елдерде жастар үйленгенде  бір-біріне құрма мен сүттен ауыз тигізеді».

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ

WhatsApp Image 2023 04 05 at 11.13.46  Араб мәдениетінде ғылым мен білімнің орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Араб мәдениетінің өркендеу кезеңі VIII-XI ғасырларда орын алды. Бұл кезеңдерде бұрын-соңды болмаған жаңалықтар ойлап табылды. Мысалы, жасанды суару жүйесін ұйымдастырумен байланысты нақты және қолданбалы ғылымдардың дамыды.   827 жылы меридиан доғасы өлшеніп, жер шарының өлшемдері анықталды. Сондай-ақ математика бойынша жаңашылдықтар өзге елдің ғалымдарын таң қалдырды. Сіз математика ғылымына тригонометриялық функцияларды әл-Баттани енгізгенін білесіз бе?  Ол арабтар медицинасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Офтальмология және онымен байланысты геометриялық оптика жетістіктері ерекше дамыды.

  Араб халықтары адамзат мәдениетінің тарихында маңызды орын алады. Ортағасырлық географтар "Араб халықтары - әлемнің орталығы" деп айтқаны кездейсоқ емес. Себебі әлемдік өркениеттің жүрегі Араб түбегінде сан ғасырлар бойы соғуын жалғастыруда.