Сахарада мекен ететін көк түсті тайпа
Екінің бірі Сахараның шыжыған ыстығында тіршілік етіп, ыстық құмда өмір сүре алмайды.
Бұл өңірде көшпелі өмір салтын ұстанатын тек бір тайпа бар, олар – туарегтер. Туарег тайпасы Сахараны толығымен бағындырып, оның құпияларын игерумен қатар, құм арасында толық үйлесімділікпен өмір сүруді үйренді. Туарегтердің көшпелі өмір салтының себебі – араб жаулап алушыларының қол астында өмір сүргісі келмегендіктен Оңтүстік Сахараға көш аударған.
Дәстүрді қатаң ұстанатын африка тайпаларында матриархат бар дегенге сенесіз бе? Туарегтердің тағы бір ерекшелігі – тұрмыста әйел адамдардың үстемдік құруы. Бір қызығы, туарегтер аты аңызға айналған Тин-Хинан патшайымының тұқымынан шыққанына сенімді. Осыған байланысты тайпаларда негізінен матриархат басым. Қыздар білім алуға, жер иелігінде болуға, сондай-ақ күйеуімен ажырасуға толық құқылы. Ажырасқан жағдайда ер адам үйден кетуі керек. Таңқаларлығы, араб елдерінде әйелдер беттерін орамалмен бүркесе, бұл тайпада ер адамның беті жабулы болуы керек. Кәмелетке толғаннан кейін жас жігіттерге әкесінен екі нәрсе мирас болып қалады. Олар - өткір қылыш пен "тагельмуст" деп аталатын арнайы бет жамылғысы. Ер адамдар жамылғысыз сыртқа шыға алмайды, тіпті, оны үйде де тағып жүруі шарт. Бұл тыйымның қаталдығы соншалық, егер біреу кездейсоқ ер адамның ашық жүзін көріп қойса, бейтаныс адамды өлтіреді. Егер өлтіру мүмкін болмаса, туарег өзін-өзі өлтіруі керек.
Туарегтерді көбінесе "көк тайпа" деп атайды, өйткені олардың дәстүрлі киімдері қою көк түсті. Бір қызығы, туарегтер матаны белгілі бір жолмен бояйды. Олар суды үнемдеу үшін оны бояумен қанықтырмайды. Керісінше бояуды тастармен егелеп үгітіп, матаға жағады. Уақыт өте келе бояу ыдырап, туарег терісі нағыз аватарлар сияқты көк түске боялады.
Туарегтердегі диетаның едәуір бөлігі сүт өнімдерінен тұрады. Сонымен қатар диетада қарапайым бидай қолданылады. Түйе сүтімен кептірілген құрма да маңызды рөл атқарады.
Қазіргі көшпенділер ежелгі мәдениетін әлі күнге дейін сақтап, ата салтын жалғастыруда. Туарегтердің күнделікті өміріндегі көп нәрсе бізге таңқаларлық болып көрінгенімен, бұл тайпаның да мәдени ерекшеліктерінен түйеріміз көп.