Ежелгі қытай дәстүрі: бақытты некенің кепілі не?

  Қытай қыздары жақсы өмір сүру мен бақытты некенің сырынан хабардар. Олар кішкентайынан түрлі қиын рәсімдерден өтеді. 

1  Қытайлықтар қыз баланың аяғының өлшемі неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым ол сұлурақ. Сондықтан қыздың аяғын байлап жатқан ана оның болашақ некесі сәтті боларын айтады. Аяқтың өспеуін арнайы байлау техникасы арқылы қол жеткізіп отырған. Ежелгі Қытайда қыздың аяғының өлшемі тұрмыс құрғандағы өмірімен байланысы бар деп есептеген. Өлшемі қалыпты қыздарды мазақ қылып, тұрмысқа шыға алмайтын. Сол себепті 4-5 жасар қыз баланың аяқтарын тығыз байлап, тұрмыс құрғанша адам төзгісіз ауырсынуға шыдауға тура келетін. Нәтижесінде аяқ сүйектері деформацияға ұшырап, оның ұзындығы 10 см-ден аспайтын.

4  Бұл дәстүр Қытайда Х ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін болды. Қытайлықтар қыз баланың аяғын жануардың қанына малып, кейін таңғышпен мықтап байлайтын. Қанға малынған бақайлар кішкентай өлшемді аяқ киімге жабысып, аяқ өлшемі өзгерген.

  Аяқтың өлшемі тек тұрмысқа ғана емес, барлығына дерлік әсер еткен. Мысалы, қыздың аяғы қалыпты болса, оны бірден қарапайым адамдардың тізіміне кіргізген. Себебі аяқтың кішкентай болуы - ақсүйек, жоғары санатты қыздың басты белгісі деп ойлаған. Қалыңдықты таңдағанда күйеу жігіттің ата-анасы ең алдымен қыздың аяғының өлшеміне қызығушылық танытып, содан кейін ғана оның сырт-келбетіне мән берген.

3

  1600 жылдардан бастап қоғам белсенділері мұндай дәстүрге бірнеше рет тыйым салуға тырысқанымен, ХХ ғасырдың басына дейін міндетті дәстүрлер қатарында болды. Өкініштісі бұл дәстүр Қытайдың шалғайдағы консервативті провинцияларында әлі де жалғасын табуда. Қытай провинцияларында бұл дәстүрге арналған аяқ киім индустриясының әлі де тоқтамауы – оған дәлел.

  Қытайлық ер адамдардың «таңылған аяқ» туралы ойлары:  

  • Кішкентай аяқ - әйелдің адалдығының көрсеткіші;
  • Аяқтарды байлау рәсімінен өтпеген әйелдер ер адамдарға ұқсайды, өйткені кішкентай өлшемді аяқ - бұл ақыл-ойдың белгісі;
  • Аяқтары кішкентай әйелдер сүйкімдірек, себебі олар кішкентай әрі нәзік көрінеді;
  • Кішкентай пішінді аяқтар әлдеқайда эстетикалық жағымды көрінеді.

5 

  Бұл дәстүрді басынан кешірген әйелдердің төзіміне таңданыссыз қарау мүмкін емес. Себебі олар «бақытқа» жету үшін кішкентай кезінен адам төзгісіз шараларды қолдануға мәжбүр болды. Олардың барлығы сәтті тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүргісі келді. Дегенмен бақыт адамның түріне, аяқ өлшеміне  байланысты ма?