Журналистика туралы фильмдер

Журналистика сан қырлы құқығы мен қиындығы көп мамандықтың бірі. Оны ашып, жан-жақты көрсететін саяси триллерден бастап жеңіл комедияға дейін фильмдер бар. Қысқа метражды, көп бөлімді телехикаялар көрерменді қызықтырып, журналистиканың құпиясы мен қиындықтарын көрсетеді. Назарыңызға журналистер туралы әлемнің ең үздік фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Қайырлы түн және сәттілік, 2005 (Good Night and Good Luck)

Американың қоғамдық-саяси өміріндегі журналистердің рөлін Голливуд керемет көрсетеді. Фильм сюжеті бойынша, репортерлердің қатысуымен орын алған тарихи оқиғаны баяндайды. «Қайырлы түн және сәттілік» тарихи драмасы журналист Эдвард Мэрроу мен 1950-ші жылдары радикалды көзқарасымен танылған сенатор МакКартидің арасындағы текетіресті баяндайды. Ал, Джорж Клуни бұл оқиғаларды экран арқылы керемет көрсете білді.

2.jpg

Стрингер, 2014 (Nightcrawler)

Дэн Гилрой ұсынған триллер шұғыл репортаждар мен экстремалдық түсірілімдер әлеміне жол ашады. Луйс есімді басты кейіпкер жұмыс іздеу барысында телеарнаның штаттан тыс репортері, «стрингер» атану мүмкіндігіне ие болады. Шексіз мүмкіндіктер, қауіп-қатер сезімі журналистикадан құтылуға болмайтынын көрсетті.

3.jpg

Құдіретті Брюс, 2003 (Bruce Almighty)

Комедиялық және қиял-ғажайып драма. 2003 жылы шыққан. Оның репортаждары бәріне қызық болғанымен, өзіне ұнамайды. Брюстің арманы тележүргізуші болу. Алайда, ол сәтсіздікке ұшырап, көтерілмек түгіл бар жұмысынан айырылып қалады. Ол мұны Құдайдан гөріп, оған ашуланады, сөйтіп жүргенде ол ерекше жауап алады.

4.jpg

Фрост Никсонға қарсы, 2008 (Frost/Nixon)

Фильм журналист Дэвид Фрост пен билігін асыра пайдаланды деп айыпталған АҚШ президенті Никсонның арасындағы сұхбаттың желісі бойынша түсірілген. Ұзақ уақытқа созылған сұхбатты Фрост керемет шахмат ойынына айналдырады. Ал, көрермендер костюмдегі қос алпауыттың текетіресін бақылайды. 

5.jpg

Зодиак, 2007 (Zodiac)

2007 жылы жарыққа шыққан бұл фильм «Сан-Франциско Кроникл»  газетінің қызметкерлерінің жұмысын сипаттайды. Олар қалада «Зодиак» атты кісі өлтірушінің қылмыстарын тергейді. Газеттің карикатурашысы Роберт Грейсмит Зодиактың өз хаттарында қолданған жасырын шифрларының құпиясын ашады. Дәл осы адамның тынбай еңбектенуінің арқасында Зодиактың қылмыстары полиция мен қала тұрғындарына белгілі болады.

6.jpg

Жаңалықтар қызметі, 2012 (The Newsroom)

2000 жылдардың басында өзіндік ренессансты өткерген телехикаялар журналистиканы да сырт айналмады. «НВО» арнасының кезекті телехикаясы жаңалықтар қызметінің жұмысын шынайы оқиғалар негізінде көрсетеді. Керемет жазылған диалогтар, мықты актерлік ойынның арқасында  көрермендерге үздік телехикая тарту етілді.

Қолына қалам ұстаған әріптестер туралы фильмдер журналистиканың қаншалықты қызықты, әрі шытырман оқиғаға толы екендігін айғақтайды.

Болашақта еліміздің режиссерлері отандық журналистер туралы фильм түсіретініне сенеміз.  

7