Ньепи - Индонезиядағы тыныштық күні
Әр халықтың Жаңа жылды атап өту дәстүрі бар. Әдетте бұл от-шашу шашып, ән айтып, дүркіретіп тойланатын көңілді мереке. Ал Индонезиялықтар Жаңа жылды тыныштықта өткізетінінен хабардарсыз ба? Жоқ, бұл мүлдем тойламайды деген сөз емес, тек олар 1 тәулік бойы арнайы үнсіздік сақтайды.
Нақты айта кететін болсақ, Ниепи (Nyepi) немесе Балидегі тыныштық күні әр көктемде жаңа ай туғанда тойланады. Көбінесе наурыз немесе сәуір айының басында болады. Ниепи немесе Балидегі тыныштық күні - арал мәдениетіндегі ең маңызды мерекелердің бірі. Бірақ тыныштық күнін атамас бұрын, Бали халқы алдымен бірнеше рәсім атқаруы керек.
Ниепиден бір күн бұрын «Tawur kesanga» деп аталатын рәсім басталады. Бұл күні карнавалда бамбуктан, матадан және папье-машеден жасалған үлкен тұлыптарды кездестіре аласыз. Бұл тұлыптар қорқынышты құбыжықтар ретінде бейнеленеді. Үлкен азу тістері, мүйіздері мен тырнақтары бар, ал көздері дөңес келеді. Бұл рәсім зұлым рухтардан құтылу үшін ұйымдастырылады.
Ао бұл рәсімнен кейін Балилік жаңа жыл – Ньепи тойланады. Мереке таңғы 6-дан басталады. 24 сағат бойы бүкіл Арал тыныштық пен тыныштыққа батады. Бұл мерекенің басты мәні - жындарды аралда ешкім жоқ екеніне сендіру.
Ниепиде халық 5 ережені міндетті түрде сақтауы қажет:
- Тыныштықты бұзбау, яғни, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынады;
- Жарықты жағуға болмайды;
- Аралда ешкім жұмыс істемейді;
- Үйден шығуға да болмайды.
Осылайша, барлығы үйде қалып, телефон, музыка және теледидарды бір күн ұмытуы қажет. Тіпті, бұл күні тамақ дайындауға болмайды, тұрғындар бұл күні ештеңе жемейді. Себебі, Ниепидің философиялық та мәні бар. Яғни, Жаңа жылда сіздің бір күн бойы мақсатыңыз - өзіңізді тыңдау, жан-дүниеңізге үңілу, медитация жасау, өміріңізді саралау және рухани тазару.
Ниепиден кейінгі күн «Ngembak Geni» деп аталады. Бір күндік үнсіздіктен кейін барлығы өткен қателіктері үшін кешірім сұрау үшін отбасылары мен достарына қонаққа барады.
Сол күні Банджар Каджа Сесетан ауылында «Omed-omedan» деп аталатын тағы бір ерекше рәсім өтеді. 17-30 жас аралығындағы басы бос адамдар негізгі жолдың бойында — бір жағынан қыз, екінші жағынан жігіттер болып, бір — біріне қарама-қарсы орналасады. Кейін олар өз жұптарын тауып, бір-біріне ұнаған адамдар бас қосады.
Жалпы туристер Ниепиге екі жақты қарайды. Біреуді мәжбүрлі түрде тыныштық сақтаса, көбісі Ломбок, Гили немесе Нуса Лембонган сияқты көрші аралдарға кетеді. Енді бірі - мүмкіндікті қуана пайдаланып, күні бойы медитация жасайды. Қортындылай келгенде, бұл мереке ерекше болғанымен, өте мағынады. Себебі, Ньепи - өткен уақытты саралап, түйін түйіп, жаман ойлардан арылып, жаңа кезеңді жақсылықпен бастау үшін керемет уақыт! Selamat Hari Nyepi!