Неміс мәдениетінің дәстүрі мен өнеріне саяхат
Германия мәдениетінің әралуандылығы - бұл елдің ғасырлар бойғы мәдениетаралық алмасуының дәлелі. Римдіктердің, кельттердің және әртүрлі герман тайпаларының әсерінен ұлт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың бай қазынасына айналды. Солтүстік жағалау аймақтарынан Оңтүстік Бавария Альпісіне дейін әр аймақ өзінің ерекше дәмін ұсынады.
Әлемдегі ең ұлы композиторлар мен жазушылар Германиядан шыққан десек артық айтпаймыз. Людвиг ван Бетховен, Иоганн Себастьян Бах және Вольфганг Амадей Моцарттың есімдерін бар әлем біледі, олардың ескірмейтін туындылары көрерменді шабыттандырып, баурап алады. Сол сияқты, Иоганн Вольфганг фон Гете және Фридрих Шиллер сияқты көрнекті тұлғалары бар неміс әдебиеті әлемдік әдеби мұрада өшпес із қалдырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Германияның ауыз әдебиеті мен дәстүрлері туралы сөз қозғайтын болсақ, Мюнхендегі көңілді Октоберфест мерекелерінен бастап, қала алаңдарын безендіретін Рождестволық базарларға дейін тойлануы немістердің әдет-ғұрыптар мен ұлттың тарихи, аймақтық мұраларын сақтауға немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді. Немістердің сүйікті сусыны – сыра екенін барлығы біледі. Ал неміс халқы бұл сусынға арнап білдей мереке арнағанынан хабардарсыз ба? Мәселен, сыра фестивалі - Октоберфест. Бұл сыра мен қуырылған етке арналған дәстүрлі Бавариялық мереке. Бастапқыда бұл жергілікті дәстүр болды. Мерекенің тарихы 1810 жылы ханзада Людвигтің Тереза ханшайыммен үйлену тойын тойлаған кезде басталды. Содан кейін Мюнхен тұрғындарына мерекелерге қатысуға рұқсат етілді. Одан бері мереке ұлттық сипатқа ие болып, жыл сайын атап өтіледі. Октоберфест туристер арасында өте танымал, арнайы фестиваль үшін Германияға бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар келеді. Октоберфест кезінде әйелдер дәстүрлі шілтерлі көйлек киіп, оған бант бекітеді: егер ол сол жақта орналасса — қыз тұрмысқа шықпаған, егер бант оң жағында болса, онда тұрмыс құрған дегенді білдіреді. Ледерхозен және дирндлс сияқты дәстүрлі киімдер жергілікті тұрғындар мен туристерді неміс мәдениетінің атмосферасына бөлеп, салт-дәстүрге деген қызығушылықты арттырады.
Ғасырлар бойы неміс мәдениеті өзіне көтпеген ерекше дәстүрлерді сіңірді. Германия - жарқын және қызықты дәстүрлерге бай ел, сондықтан еуропалықтар одан көптеген әдет-ғұрыпты алды. Мысалы, жаңа жыл қарсаңында немістердің шыршаны безендіруі немесе алдыңғы есіктерге шыршаның бұтақтарынан гүл шоқтарын жасап, іліп қоюы. Сондай-ақ, барлығына танымал қызықты мереке Хэллоуин әу баста немістердің мерекесі болғанынан хабарыңыз бар ма?
Неміс мәдениеті - байлық пен әралуандылықтың дәлелі. Германияның дәстүрлері, өнері мен мұрасының ғажайыптары, немістердің мәдени кереметті терең түсінуі сізге керемет әзер қалдыратынына сенімдіміз.