PANTONE 2023 жылдың басты түсін анықтады
Сән саласы жылда өзектілігін жоғалтпай келеді. Керісінше, жанданып, трендтен қалмау үшін сәнқойлар саладағы жаңалықтарды қалт жібермейді. Желтоқсанда 2023 жылдың басты түсі белгілі болды.
Pantone түстер институты - әлемге әйгілі түс саласындағы сарапшы ұйым. Мұнда мамандар зерттеулер жүргізіп, жылдың негізгі түсін таңдайды. Мысалы, 2023 жылдың басты түсі ретінде Viva Magenta, яғни күлгін астары бар таңқурай түсті қызыл реңк таңдалды.
Мамандар: «Былтырғы түске қарағанда өте қанық, әрі жарқын», - дейді. Мұндай түстегі киім әр адамға көрік берері сөзсіз. Viva Magenta көңілді қуанышқа толтырып, оптимистік көзқарас қалыптастырады.
Әртүрлі түс палитрасы қоғамда орын алған өзгерістердің көрінісі.
Классикалық қара, сұр, қызыл, қоңыр түстерін аша түсетін заманауи реңктермен толығуда.