Сәннен шықпайтын 4 үй интерьері
Су жаңа пәтердің кілтін алған әрбір азамат қара шаңырағын қиялындағыдай әсемдеп, ерекшелеуге асығады. Бүгінде көбі пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын заманауи стильде жасауды таңдайды. Бұл тек қаладағы үйлер ғана емес, сондай-ақ жер үйлер мен саяжайларға да тікелей қатысты. Үйді жөндеу кезінде жіберілетін басты қателік – соңғы үлгідегі материалдарды сатып алу. Өйткені, жыл емес, күн өткен сайын дизайн интерьері өзгеруде.
Пәтеріңіздің интерьері сәннен шықпауы өзіңізге байланысты. Бүгін сіздерге пәтердің жылдар бойы сәннен шықпайтын 4 қарапайым мысалын көрсетеміз:
№1. Талғаммен таңдалған интерьер
Үй дизайнерлері көбіне тапсырыс берушінің сөзіне құлақ асып, қалауындағыдай жасап беруге тырысады. Ал, ол дизайннің уақыт өте сәннен шығатынын ешкім ескере бермейді. Сол үшін әр уақытта пәтеріңіздің мінсіз болғанын қаласаңыз минималды стильдегі дизайнді таңдауға тырысыңыз. «Талғамға талас жоқ» - демекші, бұл интерьер адамдар үшін суық, әрі жайсыз болып көрінуі де ықтимал.
Минималды дизайндағы пәтердің сәнін үй жиһазы келтіреді. Талғаммен таңдалған жиһаз жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтерге өзіндік көрік сыйлайтыны сөзсіз.
№2. Әмбебап жөндеу
Бүгінгі таңда интерьер дизайны саласындағы материалдар жиі өзгеріске ұшырап тұрады. Өзгерістің ағымына ілесу тіпті мүмкін емес. Жаңадан шыққан дизайн үлгілеріне ілесе бергеннен жақсы нәтиже шықпайды. Керісінше, пәтеріңіздің бастапқы көрінісін жоғалтып аласыз. Сол үшін қай уақытта болмасын пәтерді әмбебап әрлеу жұмыстары өзекті болып қалмақ.
Пәтердің сәнін келтіретін дүниелер: қабырға, еден және төбе. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында аталған жерлерді әмбебап түске боясаңыз ол кез келген уақытта жаңа рең беріп тұрады.
№3. Табиғи материалдармен әрлеу
Ас үй мен жуынатын бөлмелерді безендіру кезінде табиғи материалдардан жасалған плиталарды алған жөн. Өйткені арзан материал дымқыл бөлмелерде тез бүлінуі мүмкін. Аталған бөлмелерге келесі материалдарды таңдаған дұрыс болады:
- Ақ және ақшыл түсті мәрмәр;
- Жылы рең беретін түстер;
- Ағаш типтес плиткалар;
Бұлар табиғи материалдан жасалғандықтан еш уақытта сәннен шықпай, өз қалпын жақсы сақтап тұрады.
Назарларыңызға кезінде әр пәтерден табылған, бірақ бүгінде өзектілігін жойған плиталарды ұсынамыз. Олар:
1. Қанық түсті плиткалар
2. Металл астындағы плиткалар
3. Алтыбұрышты қара және ақ түсті плиталар
4. Кірпіш типтес плиталар
№4. Материалды талғаммен таңдау
Соңғы жылдары пәтерлерін безендіру кезінде адамдар артық және шаң жинайтын заттар мен материалдардан бас тартуда. Ол себепті үйге жөндеу жұмыстарын жүргізбей тұрып тиісті ережелерді сақтап, жүйелі жоспарлауды қолға алған дұрыс. Сонда, пәтеріңіз ойыңыздағыдай болары сөзсіз. Пәтеріңіз кең әрі жарық болып көрінуі үшін ашық рең беретін материалдарды сатып алғаныңызжөн. . Оларды талғамға сай орналастырып, жүйелі түрде қою үшін маманның кеңесіне жүгініңіз.