Үйіңіздің кеңістігін кеңейтетін түстер гаммасы
Құрылысы біткен үйге сән келтіріп, ерекше тыныс беру үй дизайнерлерінің жұмысы.
Қазір пәтер иесіне бас қатырудың қажеті жоқ. Білікті маман қалауыңыздағы үйдің сұлбасын дайындап, белгіленген мерзімде үйіңізді танымастай етіп өзгертіп береді. Технологияның карыштап дамығаны соншалық мамандар 3D модельдеу арқылы визуалды сұлба дайындап береді. Яғни үйіңізге келіп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін әр бөлмеге қандай интерьер қажет екенін көрсетеді. Өлшемі, қажет материалдар саны, тіпті қандай жиһаз сай келетініне дейін дайындап береді. Адамзаттың 79,9%-і үйдің жөндеу жұмыстарын осылай жасауды қалайды.
Жыл сайын құрылыс материалдарына сұраныс та, сапа да артып келеді. Оның бір дәлелі – үйіңіздің кішкентай ғана бөлмесін құрылыс материалдарының құдіретімен үлкейте аласыз. Яғни бұл жерде түстердің рөлі басымдық берері сөзсіз. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында түстерге мұқият болып, ерекше назар аудару қажет. Түс неғұрлым ашық болса, тар бөлмеңіз соғұрлым кең әрі жайлы болып көрінеді. Түстен бөлек тағы да бірнеше фактор әсер етеді. Оларға:
- Айналардың дұрыс орналасуы
- 3D форматтағы тұсқағаз
- Түстер үйлесімділігі
- Жиһаз бен картиналар
Ашық түстер кез келген кеңістікті кең әрі жарық етіп көрсетіп тұрады. Бірақ үйдің кішкентай бөлмелеріне келгенде ең алдымен осыны ескерген жөн.
Ашық және суық түстер
Тар немесе кішкентай бөлмені кеңейтуді жоспарласаңыз, онда сізге ашық суық рең беретін түстер жақсы көмектеседі. Суық түсті политрамен безендіру арқылы бөлмеге жайлылық пен кеңістік сыйлайсыз.
Оңтүстік беткейге қарайтын бөлмені осындай түсті гаммадағы түсқағаздарды қолдансаңыз болады. Олар бөлмені кеңейтіп қана қоймай, салқын леп сыйлап тұрады.
Ашық және жылы түстер
Ал солтүстік беткейде орналасқан бөлмелерге ашық және жылы түстерді пайдаланған дұрыс болады. Олар бөлмені үлкейтіп қана қоймай, жылулық пен жайлылық сыйлайды.
Ашық және оның реңктері
Ақ және оның реңктері қай кезде болмасын үйдің бөлмесін, кеңсені үлкейтіп тұрады. Былай айтқанда «классикалық жанр». Үй интерьеріне ақ түсті түстқағаздарды сатып алсаңыз ешқашан ұтылмайсыз.
Ақ түс әрқашан трендте болады. Өйткені оны кез келген түспен қосып, тағы бір әдемі реңк шығаруға болады. Ақ түспен боялған қабырғаға қалауыздағы картинаны іліп немесе алтын түсті потальмен сурет те салуға болады.
Ашық түстермен үйді безендіру
Ашық әрі қанық түстерді бөлмелерді кеңейткенде пайдаланып, интерьерге де ерекше көңіл аударған жөн. Ашық түстерді пайдалану кезінде міндетті түрде жиһаз бен өзге де дүниелерге ден қойған абзал. Себебі бөлмеңіз бір түспен кең болып көрінгенімен, іші бос болып қалуы ықтимал. Сондай-ақ ашық түстерді пайдалану кезінде бірнеше түстерді біріктірсеңіз ерекше колоборацияға тап боласыз. Ондай түстер адамның көңіл-күйіне әсер етіп, шаршағаныңызды басады. Сондықтан түс таңдауда аса мұқият болған абзал.