Жаппай сатылымда алатын 8 киім үлгісі

  Қысқы мерекелерден кейін бәріміз жайма шуақ көктемнің келуін асыға күтеміз. Қар еріп, күн жылынып, құстардың сыбдырлаған дауысы көңілді жадырата түсері сөзсіз.

  Көктемнің келуімен қалың киімдерімізді жеңіл әрі ыңғайлы түірне ауыстырамыз. Бұл ретте ескере бермейтін киім үлгілері болады. Кейде әмбебап дүкендерден қымбат киімдерді сатып алып, оны үйлестіретін киім таппай жүретініміз жасырын емес. Қымбат киімдерді сатып алуға асықпаңыз. Себебі киім дүкендерінде жыл сайын дәстүрлі форматта ұйымдастырылатын жаппай сатылымды өткізіп алуыңыз мүмкін. Биылғы жаппай сатылымдағы 8 киім үлгісін бірге талқылайық.

1. Былғарыдан жасалған белдемше

  Көктемнің келуімен табиғат жаңарып қоймай, сондай-ақ әрбір қыз-келіншек ерекше ажарлана түседі. Қыздардың сырт келбетіне үстіне киген киімі көрік сыйлап тұрады. Күннің жылуымен қыста киілмеген белдемшелерді киетін уақыт келді. Бұл ретте ұзын былғарыдан жасалған белдемшелер ерекше бір образ сыйлайды. Белдемшенің үстіне кез келген киімді киюге болады.

2. Көп тігісті пальто (Стеганое пальто)

  Көп тігісті пальто көктем мезгілінде таптырмайтын сырт киімдердің бірі. Ол сіздің келбетіңізді сәнді етіп көрсетеді.  Мұндай пальтоның ұзартылған түрін алған дұрыс. Себебі ол кез келген аяқ киіммен үйлесім табады.

    3. Жүннен жасалған панама 

  Еуропалық сәнқойлар арасында мұндай бас киімнің үлгісі сұранысқа ие. Олар панаманы сырт киімнің кез келген түрімен үйлестіріп кие береді.  Қыс мезгелінде бөрік пен былғарыдан тігілген бас киімнің орнын панамамен ауыстырады.

   4. Анорак жемпір (джемпер анорак)

Көктемде ауа-райын алдын ала болжау мүмкін емес.  Себебі ауа райы көбіне құбылмалы болып келеді.  Осындай ауа райына арналған жемпірді  ызғарлы күні жағасын көтеріп, ал күн шыққанда кеуде жағын ашып киіп жүруге болады. Өз кезегінде өте ыңғайлы киімдердің қатарында.

5. Зебра түстес шалбар// Жолақты шалбар

  Дәл осындай киім үлгісі бойыңызға жеңілдік пен сергектік сыйлары сөзсіз. Мұндай шалбардың үстіне бір түсті пенжек, жемпір және ақшыл түсті жейделермен үйлестіруге болады.

6. Топ букле

  Мұндай қысқа топ киім үлгілерін тек жазда ғана емес, сондай-ақ қыс немесе көктем айларында да киюге болады. Бастысы талғаммен таңдалған киім үлгісі ерекше рең беріп тұрады. Бұл киімді шалбар, белдемше және кардиганмен үйлестіріп киюге кеңес береміз.

7. Гүлді көйлек

  Жылдар бойы сәннен шықпайтын киімнің бірі – гүлді көйлек. Бұл –классиканың бір түрі десек болады. Көктем айында гүлді көйлекті әртүрлі киіммен үйлестіріп киіп шықсаңыз кез келген ортаның назарында боласыз. Мұндай көйлекті таза былғарыдан жасалған биік өкшелі етіктермен киюге кеңес береміз.

8. Ұзын әрі кең шалбар

 

 Ұзын әрі кең шалбарды әрбір нәзік жандының гардеробынан табуға болады.  Мұндай шалбармен үстіңізге кез келген киімді киіп шықсаңыз, ерекше ажарлана түсесіз. Өйткені шалбар мезгіл талғамайды. Демек әр мезгілде шалбардың үстіне киетін киім түрін ауыстырып отсаңыз болғаны. Киім дүкендеріне барғанда қажетіңізге жарайтын, бағасы қолжетімді киімдерді алуға тырысыңыз.