Кеудеше-көйлек. Алуға тұрарлық па?

  Күн сайын айналамызда түрлі өзгерістер орын алуда.

  Соның бірі – сән әлемі.   Маусым сайын дизайнерлер сәндегі өзгерістерге сай топтамаларын дайындап, тұтынушыны таңқалдырып жатады. Әрине, қиялдан пайда болған топтаманың сұранысқа ие болуы -  халықтың көңілінен шыға алуында.   Ал халық көңілінен шыққан киім үлгісі жылдар бойы сәннен қалмасы анық. Қазір киінуде жаңа тренд пайда болды: қымбат киімге қарағанда ыңғайлы әрі жайлы киімге сұраныс артты.  

Жейде тәріздес кеудеше-көйлек

  Кеудеше-көйлек күнделікті кеңсеге киетін жейдеге ұқсайды. Тек бұл жейде сырт киім тәріздес қалың матадан тігіледі. Таза былғарыдан немесе джинсыдан жасалған кеудеше-көйлек кеңінен таралған. Кеудеше-көйлекті кез келген формадағы қыз-келіншектер кие береді. Өйткені оның арнайы бір өлшемі жоқ.

san 1 Мұндай сырт киімді әртүрлі киім үлгілерімен  киюге болады. Қаласаңыз, спорттық киім түріне немесе классикалық үлгіге айнала салады.

Назарыңызға кеудеше-көйлектің бірнеше түрін ұсынамыз:

  • Ұзартылған
  • Қалтасы бар
  • Капюшоны бар
  • Белге дейін қысқа кеудеше-көйлек
  • Жасанды жүннен немесе жасанды қойдың терісінен тігілген
  • Белбеуі бар
  • Жұмсақ матадан тігілген
  • Эко-былғарыдан
  • Жүннен тігілген

  Жоғарыда көрсетілген кеудеше-көйлектерді маусымның кез келген уақытында кисеңіз болады. Қыста суықтан, желден қорғаса, көктемде сырт киім, жазда классикалық пенжекке айнала салады. Кеудеше-көйлекті талғаммен таңдап, киімдермен өзара үйлестіре алсаңыз әрқашан сәнді болады.

                                                                                         san 2           san 3