Жаппай сатылым: сапа мен баға

  Әрдайым жылдың бір мезгілі аяқталуға жақындағанда  дүкендерде жаппай сатылым басталады.

  Жазда 20-25%-тік болса, күзде жомарт жұма өтетіндіктен, жеңілдіктердің пайыздық мөлшері артады. Ал қысқы жаппай сатылым желтоқсанның ортасынан басталады. Қаңтарда бәрін жеңілдікпен сата бастайды. Көктем - жеңілдігі ең аз кезең.  Жаппай сатылым дүкен иелері үшін өте тиімді. Олар тауарға арзан, әрі қолжетімді баға қойып, сұранысты  арттырады. 1890 жылы Фрэнк Вулворт  алғаш рет «жаппай сатылым» ұғымын «5 центтен басталатын тауарлар» атты дүкен ашу арқылы енгізді. Дүкендегі бұл баға  Фрэнкті миллионер атандырды.

sale

Назарыңызға жаппай сатылымнан алуға болатын 7 киім үлгісін ұсынамыз:

1.Табиғи былғарыдан тігілген күртеше

Таза былғарыдан тігілген киімдерді сатып ала бермейміз. Өйткені бағасын қалта көтермейді. Мұндай сырт киімді жаппай сатылым кезінде алу тиімді. Ешқашан сәннен шықпайтын киімдердің бірі.

2.Классикалық жекет

Әр қыз-келіншектің киім-кешегінде  классикалық жекет  болу керек. Ол міндетті киімдердің бірі. Жекетті шалбар, белдемше, көйлек және джинсымен үйлестіріп кие  аласыз. Оның базалық түстерін таңдауға тырысыңыз

3.Джинсы шалбар

Джинсы шалбар – базалық киім.   Джинсы сәннен шықпайтындықтан, ұзақ киюге болады. Colins, Levis брендінің шалбарларын жаппай сатылымнан алуға кеңес береміз.

4.Тұмсығы үшкір келетін туфли

Тұмсығы үшкір келетін туфли – ешқашан сәннен шықпай, кез келген киіммен үйлеседі.    

5.Жейде

Ақ немесе базалық түстегі жейделерді кез келген жерге киіп баруға болады. Оның үстіне биыл кең өлшемді жейделер сәнде. Оларды талғамыңызға қарай әртүрлі киімдермен үйлестіріп киюіңізге болады.

6.Спорттық киім

Жаппай сатылымнан жекет, сырт киім, шалбар, жейдеден бөлек сапалы матадан тігілген спорттық киім де сатып алуға болады. Спорттық киімнің үлгісі ешқашан сәннен шықпайды. Сәндегі киім үлгелері сан рет ауысқанымен, спорттық киім бастапқы қалпын жылдар бойы сақтап тұрады.

7.Сыйымды сөмке

Сөмке –  маңызды аксессуардың  бірі. Ал сөмкенің ыңғайлы болуы  өте маңызды. Өйткені қыз-келіншектер опа-далаптан бастап ұялы телефонды қуаттайтын құрылғыға дейін салып жүреді. Сөмкенің сапалы болуы – оның ұзақ уақыт бойы қызмет етуінің кепілі. Сондықтан көбіне таза былғарыдан алған абзал. Мұндай сөмкелер жаппай сатылымда жиі кездесетіндіктен, сатып алсаңыз, ұзақ уақыт пайдаңызға жарары анық.

Шоппинг пайдалы ғана емес, сондай-ақ қолжетімді болу керегін естен шығармаңыз. Киімдерді талғаммен алып, ұзақ уақыт киіңіз.