Интерьердегі ақ түстің үйлесімділігі

  Ақ түс қашанда кез келген реңдермен үйлесім табады. Көбіне үйдің ішкі көрінісінде маңызы зор.  

  Дизайнерлер көбіне пәтер иелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ақ түсті таңдауға кеңес береді. Ақ түс пәтердің кеңістігін үлкейтіп қана қоймай, ішкі көрінісін біртұтас әдемі қылып көрсетеді. Бүгінгі мақалада ақ түстің ішкі көріністегі үйлесімділігі жайлы тарқатып айтатын боламыз.

1 кеңес.  Ас үй бөлмесінде түстерді қолдану

                           suret 1   WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.20

  Ас бөлмесінде ақ түсті түрлі-түсті жарықпен әдемі фон шығару үшін тәжірибе жасап көруге болады. Бірінші және екінші суретте бір ішкі көріністі көріп тұрсыздар. Бұл жерде дизайнер ақ түсті жылы түстермен үйлестіріп ерекше көрініс жасап шығарған.  Ақты жылы түстермен байланыстыру арқылы ас үй бөлмесін әртараптандыруға болатынын байқадық. Күндіз ақ, қоңыр-сарғыш және ақ-сары түстер жылылық пен тыныштықты сездірсе, ал түнгі уақытта көңілге жайлылық сыйлайды.

  Егер ас үй бөлмесінде ақты қандай түспен үйлестіруді білмесеңіз, назарыңызға әр алуан түстерді ұсынамыз. Ақ түсті суретте көрсетілген түстермен біріктірген кезде ішкі көрініс  ашық реңкті болып шығады. 

suret 3

2 кеңес. Ақты жылы түстермен үйлестіру

   Суреттегі ішкі көіріністе екі негізгі түс бар: жалбызды және лаванда. Түстер  әралуан болып көрінгенімен, ішкі көрініс жанға тыныштық сыйлайды. Мұның бар құпиясы – тумбаның үстіне жарықшамның қойылуы. Ақ түсті жарықшам ішкі көріністегі басты екі түске негіз болып тұр. Демек бұл түстермен де ақты үйлестіруге болады.

                      WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.20 2                  WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.21

3 кеңес. Көктемгі көңіл-күй

  Кіреберіс бөлмедегі салқын ақ түске сары, ақшыл көк және  сарғыш түстерді қостық. Осылайша бұл көрініс көктемнің салқын лебін сезіндіре түседі. Сонымен қатар ақты келесі салқын түстермен де үйлестіре аласыз.

                           WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.21 1            WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.21 2

4 кеңес.  Көрнекі ішкі көрініс

  Жылы түстер ақтың әр алуандығын жақсы толықтырады. Көзге әдемілік пен жайлылық сыйлайтын әртүрлі түстер ас бөлмесіне ерекше көрік береді.

                                  WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.22               WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.22 1

 

5 кеңес. Ақтың сарғыш түске айналуы

  Қонақ бөлмедегі ақ түс көбіне сарғыш түске айналып жатады. Өйткені бұл түс бөлмені үлкейтіп қана қоймай, оған түстердің ерекше бір үйлесімділігін береді. Дивандағы қызғылт сары түсті жастықтар қабырғадағы ақ түсті сарғышқа айналдырып тұр. Егер жастықтарды алып тастайтын болсақ, қанық ақ түстің өзі қалады. Оған өзге түстің араласуы жаңа бір рең береді.

  Мұнда ақтың сарғыш және қызғылт сары түске қалай айналатыны көрсетілген.

  Үйді жөндеу кезінде бөлмелердегі қабырғаларды тұтастай ақ түспен бояп, ішін ақ түспен сәндемеңіз. Себебі үйдің негізгі көрнекілігі жоғалып кетеді. Мүмкіндігінше біз ұсынған ақ түстің әр алуандығын қолданып, әр бөлмеге  әдемілік сыйлаңыз. Тек құрылыс жұмыстарына ғана емес, сондай-ақ жиһаз таңдау кезінде де осы түстерді пайдалануға кеңес береміз.

 

         WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.22 2  WhatsApp Image 2023 03 24 at 16.39.19