Сөмкені қалай таңдаған дұрыс? Стилисттен 5 кеңес

  «Сөмке нәзік жандылар үшін жәй ғана аксессуар емес, жақын құрбысындай көрінеді. Өйткені стилистердің арасында әзілге айналған мақал бар: «Маған сөмкеңді көрсет, мен саған қандай екеніңді айтамын» деген», - деп стилист Әйгерім Жексембекова тілге тиек етті.

  Әр қыздың гардеробында кемінде 3 сөмке: кешкі кездесулерге арналған шағын сөмке, орташа өлшемді қатты пішінді және кең әрі аспалы сөмке болу керегін стилист атап өтті.

su1

Сөмке таңдау кезінде ұстанатын 5 кеңес:

1. Сөмкенің түсі

  Қара түсті сөмкені әмбебап ретінде қарау қате пікір. Қара түсті сөмкені кез келген маусымда ұстауды ұмытыңыз. Керісінше қара түсті сөмкені күз, қыс айларында ұстаған дұрыс. Ал көктем, жас мезгілдерінде ақ, ашық қоңыр, сұр түстерді ұстаған әдемі көрінеді. Сондай-ақ аяқ-киімнің түсіне қарап сөмке таңдауды да естен шығарғаныңыз абзал. Бұл ескі тренд. Бүгінде сөмкенің түсі мен пішінін киім үлгіңізге қарап сатып алуға тырысыңыз.

su2

2. Сөмкенің пішіні

  Бірінші суретте көрсетілген сөмкені тек таңдаулы киім үлгілерімен ғана ұстап жүре аласыз. Ал екінші сөмке кез келген образыңызға дәл келеді. Өйткені оның нақты түсі мен пішіні бар.

su33. Сөмкенің пішіні мен өлшемі өте маңызды

  Сөмкенің өлшемі мен пішіні өзара байланыста болуы маңызды. Өйткені дұрыс таңдалмаған сөмке сіздің киім үлгіңізді қатты бұзуы мүмкін. Сондай-ақ сөмке таңдау кезінде қыздардың дене бітімі де маңызды болмақ.

4. Сөмкенің сапасы

  Сөмке – киім үлгіңіздегі ең маңызды аксессуар екенін ұмытпаңыз.

  Сөмкені таңдау кезінде оның сапасына, тігісіне, қандай матадан дайындалғанын және өндіруші елді бағамдаңыз.

  Арзан 3-4 сөмке алғанша, 1 қымбат әрі сапалысын алған жөн. Өйткені қымбат бұйым сізге сенімділік сыйлайды. Бағасы қымбат болған сайын сапасы да соғұрлым жақсы болады.

5. «Жалған» бренд сөмкеден бас тартыңыз

  Егер қалтаңыз қымбат бренд сөмкені көтермейтін болса, онда «жалған» брендпен дайындалғанын сөмкені сатып алмаңыз. Көп жағдайда осындай сөмкелердің топтамасын сатып алып, киім үлгерінің сәнін құртып жатады.

  Сөмке таңдау кезінде сапа мен бағаға назар аударуды ұмытпаңыздар!

Сұхбаттасқан Лаура Алтынбек.