Пәтерді безендірудің ең әдемі түрлері

Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жасамас бұрын ішкі көрінісінің қандай болатынын  қалайтыныңызды анықтап алыңыз.  Қазіргі таңда үйдің ішкі көріністері сан алуан.  Бүгін сіздердің назарыңызға ең танымал әрі қажет интерьерлердің үлгісін ұсынатын боламыз.

Пәтердің ішкі көрінісін  безендіруде ең танымал стиль түрлеріне: классикалық, скандинавиялық, прованс, модерн және минималистік жатады.

Классикалық үлгі

1

90-шы жылдарға қарай классикалық стиль сәнге ене бастады. Сол жылдары бай, дәулетті отбасылар үйлерін классикалық үлгіде безендіре бастады.  Классикаға тән сипаттар:

  • Біртүсті палитра
  • Элементтердің өзара үйлесімділігі
  • Жібек матадан жасалған түсқағаздар
  • Аркадан жасалған терезе
  • Ағаштан дайындалған жиһаздар
  • Төбенің ортасында орнатылатын хрусталь аспашам

Скандинавиялық үлгі

2

Бұл үлгіні көбіне отбасылы жандар таңдайды. Өйткені жылулық пен жайлылық беріп тұрады. Скандинавиялық үлгі Еуропа елінен келген. Скандинавиялық үлгіге тән сипаттар:

  • Мұндай үлгіде көбінесе ақ, қара, сұр, ақшыл көк түстер қолданылады
  • Жеңіл әрі ыңғайлы жиһаз. Қабырға мен жерге орнатылатын шкафтар көп жағдайда ашық болып келеді
  • Жеңіл әрі жарық беретін перделер

Прованс үлгісі

3

Прованс үлгісі ертеде француздардан келген. Мұндай үлгі әр үйге қарапайымдылық пен жылулықты сыйлайды. Провансқа тән сипаттар:

  • Қабырғаға қағылған ағаш аркалар
  • Гүлді түсқағаздар
  • Ескірген еден тақтайлары
  • Ескі үлгідегі жиһаз

Модерн үлгісі

4

2021 жылдан бастап интерьер әлеміне модерн үлгісі енді. Бүгінде көп отбасылар үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде модерн үлгісін таңдап жатады. Модерн үлгісіне тән сипаттар:

  • Бұл үлгіге ашық, жайлы, жарқын түстер тән
  • Түсқағаздар бір түсті болады немесе қабырғаға бояу жағылып, ағаш тақтайшалар орнатылады
  • Үшкірлі жиһаз, орындық пен үстел және аркалы есіктер мен терезелер орнатылмайды
  • Үйдің бөлмелеріне өсімдіктер мен әйнектен дайындалған мүсіндер қойылады

Минималистік үлгі

5

Бұл үлгі жас отбасылардың арасында кең тараған. Ақпараттық қоғамда адамның жаны көбіне тыныштықты қалайды. Осындай сәтте көп жас отбасылар тыныштықты қалап осындай үлгіні таңдап жатады. Мұндай үлігіне тән сипаттар:

  • Үш түстен(ақ, қара, сұр) артық түс қолданбау
  • Жиһаз үйдегі кеңістіктің 20% ғана алуы тиіс. Қалған жер бос болып тұрғаны абзал
  • Әшекейлерді аз қолдану
  • Үйдегі жиһаз таза ағаштан болғаны дұрыс
  • Қабырғаға картина немесе сурет іліп қоюға болады

Сіздерге ұсынылған үлгілерді негізге ала отырып көңіліңізге жақынын таңдауға кеңес береміз. Бірақ, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында әр бөлмеге әртүрлі дизайнды қолданбаңыз. Бұл үйіңіздің негізгі сипатын жоғалтып жібереді. Мүмкіндігінше бір үлгіге тоқтап, сол бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген абзал.