Алматыда болған жер сілкінісі

  Түркия халқы үшін 2023 жылдың басы 100 жылда бір болатын ең жойқын жер сілкінісімен басталды.

  Ақпанның 6-ы күні Түркия мен Сирияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды. 40 000 адам қаза тапса, 10 000-нан аса адам жарақат алды. Қираған үйлердің астында қалған адамдар туралы бұл соңғы ақпарат емес. Олардың саны күннен күнге артып келеді. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың сөзінше, қираған қалалардың қатарында: Хатай, Газиантеп, Адана, Османие т.б. бар. Аталған қалаларда кем дегенде 2000-ға жуық ғимарат қираған екен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бауырлас Түркия елінде болған ауыр жағдайға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.  Біреу білсе, біреу білмес, біздің елімізде жер сілкінісінің зардабын тартқан болатын.  1887 жылы қазіргі Алматы қаласы мен қала маңында жер сілкінді. Qlife.kz ақпараттық порталы  Қазақстан тарихында болған ең жойқын табиғи зілзаларды еске алады.

 

f1a4d38864052281

 

  1887 жылы 30 мың халқы бар Верный қаласында жер сілкініп, ресми мәлімет бойынша 300-ден астам адам қаза болды. Оқиға барысында саз балшықтан, тастан, кірпіштен жасалған барлығы 1 700-дей үй қираған. Атап өтетіні, ағаштан салынған үйлердің көбі сау күйінде қалған. Осы оқиғадан кейін,  қаладағы құрылыс жұмыстарына міндетті түрде ағаш қолдана бастаған.

  1891 жыл. Қаңтардың 4-і. Түнгі 4-те Орталық Азиядағы ең ауыр 8,2 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаланың салдарынан Верный қаласында 736 ғимарат қирап, 50-ге жуық адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды. Айта кететін жайт, 1904-07 жылдары А.П. Зенковтың басшылығымен салынған Соборға ешқандай зияны тимеген.  Алғашқы 6 айда Верный қаласында 300-ден астам жер сілкінісі орын алған, олардың жартысынан көбі қаңтар айында түсті.

images  2001-2011 жылдар аралығында Қазақстанда магнитудасы 6 балдан асқан 5 қуатты жер сілкінісі болды. 2003 жылғы желтоқсан. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 310 км жерде магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Алматы облысының Райымбек ауданында дүмпулер сезілді.  Жер сілкінісінің эпицентрінен 20 км қашықтықта орналасқан Сүмбе елді мекені қатты зардап шекті. 

  2003 жылғы мамырдың 22-і. Алматыдан 300 км қашықтықта қарқындылығы 7-8 балл болатын күшті жер сілкінісі болды. 500 шаршы шақырымнан астам аумақта 8600 ғимарат зақымданды. Жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тапты (балалар), 26 адам жарақат алды, 20 820 адам баспанасыз қалды.

  2008 жылғы сәуірдің 26-ы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Рыбцех кентінде магнитудасы 7 балдық жер сілкінісі салдарынан 432 тұрғын үй, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік мақсаттағы нысандар әртүрлі дәрежеде зақымданды. Жалпы материалдық шығын 670 млн теңгеден асты. 7 балдық жер сілкінісі 2009 жылы Текелі қаласында да болды. Нәтижесінде көп үй қирады. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша жер сілкінісінен келтірілген залал 400 млн теңгеге жеткен. ҚР ТЖМ деректері бойынша сейсмикалық қауіпті өңірлерге Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы жатады.

1416408142 l

  Әлемдегі ең ірі зілзала 1960 жылы мамырдың 22-сі күні Чилиде болды. 9,5 балдық апат  Вальдивия қаласының маңында болған. Биіктігі он метр болған цунами жайпап өтіп, эпицентрден он мың километр қашықтықта жатқан Хило қаласын, тіпті Жапонияның кей жағалауларын да басып өткен. Нәтижесінде 6 мыңға жуық адам қаза тапты. Жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келген.