Түркі жұртының бас мерекесі әз-Наурыз!

  Наурыз мейрамы - жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Ол 5 мың жылдан астам уақыт бойы батыс және Орталық Азия халықтарының көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ал кейбір мәліметтер бойынша - Шығыс славяндар арасында да бұл күн мейрам ретінде тойланып келген.

 

БІРІНШІ СУРЕТ

 

  Тарихи мәлеметтерден ежелгі және орта ғасырлық авторлардың еңбектерінде Наурыз мейрамы туралы ақпарат табуға болады. Ұзақ уақытқа қарамастан, бұл мереке халық жадында сақталып, қазіргі уақытта жаңа рухани-этикалық мәнге ие болды. Тәжіктер бұл мейрамды «Гүлгардон» немесе «Гүлнұруз», татарлар «Нардуган» деп атаса, ежелгі гректер «Патрих» деген атау берген екен.

  Ежелгі хронологияға сәйкес, бұл күн әдетте Наурыздың 22-і -  күн мен түннің теңелу күнімен сәйкес келеді. Егер бұл күні ұл бала дүниеге келсе, дәстүр бойынша Наурызбай немесе Наурызбек, ал қыз болса Наурыз немесе Наурызгүл есімдері берілген.

  Ежелден бастау алған бұл мерекенің біздің елдегі тарихы қандай еді... 1926 жылы КСРО-ның солақай саясатының әсерінен түркі жұртының бас мерекесі бірнеше рет айтулы даталар қатарынан алынып тасталған. Тоталитарлық жүйенің қосылуы дәуірінде, барлық ұлттың дәстүрі маңызды емес деп танылып, дәстүрлі мұра туралы ежелгі жәдігерлер жойылды. Ал 1988 жылы бұл мейрам қайта жанданды. Алаштың арыстандай азаматтары – Өзбекәлі Жәнібеков пен Мұхтар Шаханов сол жылдары әз-Наурыздың қайта оралуына біраз тер төкті. Қос азамат Колбинге бірнеше рет хат жазып, қазақтың ақын-жазушылары «Лениншіл жас» газетіне «Қайта оралсын!» деген атаумен мақала жазып, бұхара бірауздан қолдады. Осылайша атадан қалған салт қайта жаңғырып, елдегі мектептер, мемлекеттік мекемелер т.б. ұжым болып тойлай бастады. Сол бір тарихи сәтке куә болғандардың айтуынша, Әз-Наурыз мерекесін сағынып қалғандары сонша, мейрам қыркүйек айына дейін жалғасыпты. Келесі жылдан бастап КСРО құрамындағы түркі тілдес ұлттар да Наурызды мемлекеттік деңгейде тойлады. 1991 жылы наурыздың 15-і Қазақ КСР Президентінің «көктем мерекесі – «Наурыз мейрамы» туралы Жарлығы шыққаннан кейін ресми түрде аталып өтті.

екінші сурет

  Мерекенің заманауи сұлбасы олардың бұрынғы мазмұнынан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл театрландырылған қойылымдар мен адамдар жиналған киіз үйлер, дәмді дайындалған наурыз көже ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық акцияларын, халықтық-спорттық ойындарды өткізу, ағаш отырғызу, саябақтар мен басқа да демалыс аймақтарын, көшелер мен алаңдарды тазалау сынды іс-шаралар.