Шоғыры биік Шоқыр

  Қазақстан спорттың бокс түрінен кеңінен танылды.

  Төрт жылда бір келетін олимпиададан жүлдесіз қайтпайтын егемен елдің  ерең, даңқты спортшылары бокс әлемінде өздерін мойындата білді.  Бұқараның сүйікті спорт түріне айналған бокстың біздің елдегі тарихи қашан басталды? Қазақ жеріне алғаш рет бокс қолғабын алып келген Шоқыр Бөлтекұлы туралы қызықты деректерді оқи отырыңыз.

1 сурет

  • Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылдың 29 қазанында Маңғыстау облысының Жармыш ауылына қарасты Сарқауақ деген жерде балықшы әулетінде дүниеге келген. Ашаршылық кезінде Форт-Шевченко деп аталаған қазіргі Ақтау қаласындағы балалар үйіне тапсырылып, сол жерде ер жетеді.
  • Шоқыр Бөлтекұлы алғырлығының арқасында екі ЖОО дипломы болған. Киевтегі «Көркемсурет» академиясын және Дене тәрбиесі институттарын үздік бітірген.
  • 1937 жылы Алматы қаласында бокстан ел біріншілігін ұйымдастырып, еліміздегі бокс тарихының алғашқы қадамын бастап берді.
  • Алғаш рет 1937 жылы Алматы қаласында бокстан ел біріншілігін ұйымдастырып, қазақ боксының тарихына бастау салды.  
  • 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Ол соғыстан жараланып қайтты. Содан Алматы қаласында жаттықтырушылық қызметін жалғастырады. Ол еңбек еткен «Спартак» қоғамы ССРО чемпионатында топ жарып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 
  • Шоқыр Бөлтекұлы рингке 223 рет шығып, 199 рет қарсыласын нокаутпен құлатқан. КСРО спорт шебері атағын алған тұңғыш қазақ болды. Сонымен қатар Қазақстанның бокстан 3 дүркін чемпионы атанды.
  • Б. Момышұлы, Б. Майлин, Ш. Айманов сынды қазақтың беделді азаматтарымен қоян қолтық араласқан.

2

  • Шоқыр Бөлтекұлының әйелі Нұрсұлу Тапалова 24 жасында Қазақ ССР Еңбек сіңірген артисі атанды. Ол қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы балерина еді.
  • Шоқырдың басқа да дарыны болды. Оның суреттерімен    Ғ. Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының фойесі, бұрынғы М. Горький атындағы демалыс паркінің аллеясы безендірілген. Ол  кей жылдары «Қазақфильм» киностудиясында суретші болып жұмыс істеді.   Шоқырдың тағы бір қыры – жазуға деген қабілеті. 1940 жылдардың ортасынан бастап «Социалистік Қазақстан» секілді басылымдарға спорт теориясы мен практикалық нәтижелері, жаттықтыру әдістері сынды тақырыптарда мақалалар жазған.
  • Даңқты боксшы Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Тоты және Айсұлу атты қыздары бар.