Кенесары хан қалай өлді?

Осы күнге дейін Кенесары ханның қалай қайтыс болғаны туралы түрлі аңыз-әңгімелер естіп жүрміз. Бірі шындыққа жанаспаса, енді бірі мүлдем ақылға қонымсыз дерек.

Кенесары хан қазақ тарихында ауқымды тұлға жане онын ғұмыры әлі бір ізге түсірілмеді. Тіпті ханның өмірден өткен  сәтіне дейін түрлі деректер кездеседі. Кенесары өлімінің бірнеше нұсқасы бар. Бір деректе орыс тыңшысы Жантай манапты қазақ ханын өлтіруге көндіреді. Бұдан соң, Жантай манап Кенесарының жүзін көрмей, соғыс кезінде 2 бірдей бауырынан айрылған Қожагүл Тастанбеков деген қырғызға ханның басын алуға бұйрық береді.

1Екінші бір нұскада хан Кенені найзаның ұшына шаншып, көкке кетерген, оны мазақтап, «Қазақтың ханы, халың, калай?» - дегенде, Кенесары: «Маңка қырғыз, не десең де мен сендерден жоғары тұрғанымды байқамай тұрсыңдар ма?» - деген екен.

Тағы бір аңызда – қырғыз жендеті салалы кездігімен қазақ ханының ішін жарғанда, ішек-карны ақтарылып, жерге түскеннен кейін ғана жан тапсырған. Оның өлімін тамашалауға жиналған қырғыздардың таңғалғаны – оның жүрегін қалың түк басып кеткен екен. Мұндай ғажайып құбылыс   тек аса жау журек батырларда болады екен. 

Қалай болғанда да ханнын соңғы сәті аса қатігездікке толы азаптаумен өткені түсінікті. Алайда, осы уақытқа дейін Кенесары дұшпандарының алдында кішірейді  - дегенді естімедік, ондай деректі кездестірмедік. Кенесары қазақ халкының азат етуші ханы. Оның қозғалысы қазақ даласының үш ордасын да камтыды. Ру мен жүзге бөлініп, ыдырап, көрші хандыктарға сіңіп бара жатқан қазақты күштеп болсын елге кайтарып, қазақ жеріндегі көрші халықтарды ығыстыруының артында ұлттык саясат жатыр. Кенесарының ұлттық мемлекет идеясы оның өз заманының прогресшіл тұлгасы болғанын білдіреді.

Биыл Кенесары ханның туғанына 221 жыл толды. ҚР Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл премьер-министр Әлихан Смайыловтан Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтаруда қолдау көрсетуін сұрады.

2

«Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толуын, мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын», – деді Бақытбек Смағұл үкімет басшысына.

Әзірлеген Нұрлан Нұрыш