Алматы туристер қаласы

  Алматы - Қазақстанның мәдени және тарихи орталығы. Туристер республиканың оңтүстік астанасы немесе жүрегі деп атайды.

  Алматының кей жерлерінде шетелдіктердің және сәнді дүкендердің көптігі Еуропаны, ал шулы базарлары мен әсем аулалары Азияны еске түсіреді.

  Былтыр әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты Алматы мен Астанаға келген адамдар саны артты. Әлеуметтік желілерде Алматы қонақтарын қала таулары мен табиғаты таңқалғандырғаны байқадық. Қала туристерді несімен тәнті етті?

Шымбұлақ

  Шымбұлақ - Іле Алатауындағы тау шаңғы курорты. Шымбұлақты салғанға 60 жылдан астам уақыт өтті. 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына қарай курорттағы жол жаңартылды. Тау шаңғы курорты алыс шетелден келген қонақтар арасында дамыған инфрақұрылымы, сапалы сервисі және қолжетімді бағаларымен танымал. Ал 2023 жылы наурыздың 26-ында демалыс орын Гиннес рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы бар курорт» ретінде ресми түрде енді. Гиннестің рекордтар кітабының ресми төрешісі Шейд Субаши-Гемиджи жолдың барлық қажетті талаптарға сәйкес келетінін растады. Солай курорт тарихи жетістікке қол жеткізді.

 shym

Фотосурет Olympic.kz сайтынан

Көк Төбе

  Көк Төбе - қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тау. Биіктігі - теңіз деңгейінен 1130 м. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Көк Төбе Веригина тауы деп аталды. Көк Төбеге көлік жүретін жолмен, яғни серпентинмен де, аспалы жолмен де көтерілуге болады. Аспалы жол Республика Сарайының жанындағы алаңнан басталады. Ол 1967 жылы салынып, іске қосылды.

  Тау баурайында аспалы жолмен Алматының әсем табиғатын 2 шақырым биіктіктен көруге болады. Мұнда хайуанаттар бағы, түрлі аттракциондар, кафелер мен көркем алма бағы бар. Көк Төбеде The Beatles ескерткіші де бар. Оның ашылуы 2007 жылы Көк Төбе тауында өтті. Жобаны жүзеге асырмай тұрып мүсінші Эдуард Казарян рұқсат алу үшін Пол Маккартниге жүгінген. Мүсін композициясы Ливерпуль төрттігінің құрметіне салынған басқа ескерткіштерге ұқсамайды. Ескерткіште қоладан жасалған Джон гитарамен орындықта, ал оның әріптестері жанында тұрғаны бейнеленген.

koktobe

Фотосурет weatles сайтынан

28 панфиловшылар саябағы

  28 панфиловшылар саябағы – Алматыдағы танымал саябақ. Ол 70-ші жылдары ХІХ ғасырдағы ауыл зиратының орнында қаланды. Ол бастапқыда ескі зират саябағы деп аталды. Саябақ - 18 га жасыл аймақпен, тегіс жолдар мен аллеялармен бөлінген, онда көпжылдық емен, қарағай, көктерек, үйеңкі, терек пен шыршаның аралас жапырақты тоғайы өседі.

  Саябаққа келушілер осы жерде орнатылған басқа ескерткіштерді көре алады. Аты аңызға айналған 316-шы атқыштар дивизиясының командирі Иван Панфиловтың бюсті, сондай-ақ Ауғанстандағы соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш және басқа да ескерткіштер бар. Бірақ бұл саябақ тек соғыс батырларының ескерткіштерімен ғана танымал емес. 28 панфиловшылар саябағының аумағында ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы бірнеше тарихи ғимараттар бар. Мысалы, Вознесенский соборы, халықтық музыкалық аспаптар мұражайы, офицерлер үйі.

 

panfilov

Фотосурет Wikipedia сайтынан

Медеу мұз айдыны

  Медеу мұз айдыны - алматылықтар мен қала қонақтары арасында танымал демалыс орны. Ол теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте 10 500 шаршы метр мұз қабатын ұстайды. Ол елдің басты мұз айдыны атағын алған. Мұнда коньки мен қорғаныс құралдарын жалға ала аласыз. Ал конькимен сырғанауды енді ғана үйреніп жүргендер үшін нұсқаушы қызметтері де ұсынылады. Мұз айдынының жанында түрлі тамақтану орындары бар.

  50 жылдан астам уақыт бойы мұз айдыны спортшылар мен конькимен сырғанауды ұнататындарды қуантуда. Мұнда түрлі жарыстар да өтті. Олар:

  • Конькимен жүгіру спортынан ҚР Кубогы;
  • Жастар арасында конькимен жүгіру спортынан Алматы қаласының ашық чемпионаты;
  • Медеу мұз айдынының әуесқойлары, қонақтары арасындағы жарыстар.

  2023 жылдың қаңтардың бірі қонақтар мұз айдынына жиналып, мерекелік көңіл-күйде жаппай коньки тебуді ұйымдастырды. Мұны қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрге айналдырған.  

medeu

Фотосурет Kazakhstan Today сайтынан

М. Горький атындағы саябақ

  Алматы қаласына келген әрбір қонақ М.Горький атындағы саябаққа келеді десек артық болмас. Бұл қала тұрғындары арасында ең көп баратын орындардың бірі.

  Мұнда әрбір қала тұрғыны қалауына қарай көлеңкелі аумақта велосипедпен, көлде қайықпен немесе катамаранмен жүріп, уақытты көңілді өткізе алады. Оларды жағалаудағы жалға беру пунктінен алуға болады.

  Саябақтың орталық бөлігінде аттракциондар орналасқан. Олардың арасында субұрқаққа іргелес "Айналма дөңгелек", "Тізбекті карусель", "Билейтін шыныаяқтары", "Қорқыныш бөлмесі" және басқалары бар. Сонымен қатар "Экстремалды саябақ" аттракционы да бар.

park gorkiy

Фотосурет Paryz.kz сайтынан

  Алматы қаласы жайлы ойымен саяхатшы Ботагөз Қуанышева бөлісті:    

  «Алматыға жыл сайын барып тұрамын. Жалпы өзім болмаған қалаларды көріп, олардың тұрмыс тіршілігімен, салт-дәстүрімен танысқан ұнайды. Алматы жайлы айтатын болсақ, бұл төрт мезгілде де әдемі, туристер қысы-жазы келетін қала. Алматы бізде Шымбұлақ және Көктөбемен танымал. Аспалы жолмен көтеріліп, Көктөбеден қалаға қарайтын көріністі көруге келеді. Көктөбе түнде, қала шамдары жаңған кезде әдемі. Ал Шымбұлаққа сноуборд, шаңғы тебуді ұнататындар жиі келеді. Қалада уақыт өткізетін жерлер көп қой негізі.   Медеуде үлкені мен кішісі, бәрі осы жерде жүреді ғой енді. Кейбірі келген туған-туысын қыдыртып жүреді. Бұл қаланың адамдары спортты өте қатты жақсы көреді. Мысалы, Универсиада болған жылы көрермен ретінде болғанмын, ол кезде ата-анаммен демалысқа келгенбіз. Есімде қатты   қалғаны - мәнерлеп сырғанаудан жарыс еді. Қызығып қарағанмын. Осы универсиададан кейін анам сіңілімді мәнерлеп сырғанау үйірмесіне берген болатын. Қазір ол биік белестерді бағындыруда. Жалпы Алматы өзіме ыстық қала, үнемі қайта оралғың келеді. Бұл жақтың таулары әдемі. Бізде Астанада тау жоқ. Сондықтан осы жаққа келгенде тауға қарап көзіңді алмайсың».

  Бүгінде Алматы Орталық Азияның экономикалық, қаржылық және мәдени ошағы. Ол әрдайым белсенді тынығуды, мәдени, ойын-сауық, спорттық және экологиялық туризмнің шынайы әуесқойларын қарсы алады. Мәдени астанамызға әр маусымда келуге болады. Ыстық жазда да, аязды қыста да демалысты қызықты өткізуге болады. Мұнда отбасымен, достармен, жалғыз немесе жұбыңызбен демалысқа келсеңіз, уақыт өткізу үшін түрлі экскурсиялық бағдарламалар бар.