Жол бойындағы сервис жайлы не білеміз?
Жол бойындағы сервис - туризмнің маңызды элементі. Сондықтан жол-құрылыс маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық трассалар бойында сервистің 80-ге жуық жаңа объектілерін белгілейді. Бұл шамамен 500 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Қазір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 660 сервис объектісі орналасқан, оның ішінде тек 1 100 бірлігі (66%) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.
Жол бойындағы сервис объектілері мен санитарлық-гигиеналық тораптардың құрылысын ынталандыру үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың жүйелі шаралары енгізілуде. Олар: кәсіпкерлердің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының 10%-ін өтеу, туробъектілерде дәретханаларды ұстауға айына 83 300 теңге мөлшерінде субсидиялау. Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде елімізде жалпы ұзындығы 2 161 км болатын 11 ақылы аумақ жұмыс істейді.
Біріншісі – «Астана – Щучинск». Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап ақылы негізде «Астана – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы - Қонаев» жолдары іске қосылды.
2021 жылдың 23 қарашасынан бастап ақылы негізде «Астана – Павлодар», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шекарасы», «Қонаев – Талдықорған», «Щучинск – Көкшетау» жолдары жұмыс істей бастады.
Ақылы жолдың өзінде кезекке уақыт жұмсамау үшін түрлі қосымшалар арқылы алдын ала төлем жасай аласыз. Мысалы, Kaspi.kz, Payway, Kassa24, Qiwi кошелек, Beeline, Kcell, Activ, Homebank, Eurasian Bank, Altel, Atf 24, Tele2.
Жолдағы сервистің тізбегіндегі тағы бір бөлігі - автожанармай құю станциялары. Олардың дамуы туристерге маршруттар бойынша ыңғайлы жүруге мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда ішкі және сыртқы туризм саласы қарқынды дамып келе жатқанын көріп жүрміз. Жанармай құю бекеттерінде саяхаттайтын көптеген шетелдікті кездестіреміз. Туристерге жолда ыңғайлы болу үшін әр аудан орталығында, барлық халықаралық және республикалық автожолдарда жанармай құю станциялары бар. Онда саяхатшылар көліктеріне жанармай құйып қана қоймай, демалуға, азық-түлік сатып алуға және тамақ іше алады.
Қазақстанда алғашқы жылдам тамақтану мейрамханасы бар «М-36 трассасы» жол бойындағы сервис кешені. Бұл жол бойындағы сервис кешені ұлттық стандартқа сәйкес келеді және сапалы сервистік қызметтерді ұсынады: автомобильге жанармай, газ кұю, супермаркет, қонақ үйлер, демалыс, душ бөлмесін, кір жуатын бөлмені және абаттандырылған дәретхананы қамтитын ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің демалуына арналған тұрақтар.
Сонымен қатар еліміздің жасыл экономикасын қолдап, Астанада электр көлік құралдарының ұлғаюын ескере отырып, экологияға зиянды шығарындыларды азайту мақсатында кешен аумағында күн энергетикалық жүйесімен жабдықталатын автоэлектр станциясын салу көзделеді.
«М36-трассасы» жанармай құю бекеті Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында 9 объектісі жұмыс істейді.
Жол бойындағы сервистің сапасы ішкі туризм мен сауданы дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан «Qazaq Oil» жанармай құю бекеттері ерекше. Мысалы, Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолында Qazaq Oil 6 жанармай құю бекеті ашылды. Мұнда жүк көліктеріне арналған үлкен автотұрақ, душ бөлмелері, кафе аймағы бар. Онда тамақтанып, өзіңізбен бірге кофе ала аласыз. Бір сөзбен айтқанда, саяхатшыға керектінің бәрі бар.
Компания Қазақстан бойынша барлығы 377 станциямен жұмыс істейді, оның 132-сі ребрендингтен өтіп, «Qazaq Oil» болды.
Жолдарда сервисті дамыта отырып, «Qazaq Oil» «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен меморандумға қол қойған. Ынтымақтастықтың мақсаты жалпыға ортақ пайдаланылатын жол бойындағы сервисті дамыту, объектілерді ұлттық стандартқа сәйкес келтіру және сапалы, сұранысқа ие қызметтерді ұсыну.
«Qazaq Oil» бренді жол бойындағы сервис сапасының белгісіне айналуда. Ал «ҚазАвтоЖол» АҚ үшін жол қозғалысының барлық қатысушысының жайлылығы мен қауіпсіздігі маңызды.
Былтыр ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардың бойында 72 сервис нысанын енгізді.
Жол бойындағы сервис объектілері туралы бүкіл Қазақстанды жаяу айналып өтуге бел буған Ұлытау қаласынан келген 72 жастағы зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев жақсы біледі. Саяхатшы маршрутты 2022 жылы наурыздың 31-і бастаған және жарты жылда жүріп өткен. Ол еліміздің барлық 17 өңірін, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалаларда болған. Сәрсенбай ата күніне 40 шақырым жүрген, жалпы ел бойынша 8 000 шақырым жүріп өтті.
Сәрсенбай атаның айтуы бойынша, ол марафонды 7 жыл бойы дайындаған. Жол бойында өзімен қажет болатын нәрсенің бәрін сақтайтын арба алып жүрген. Зейнеткер марафонында 20 дөңгелекті ауыстырды. Оның жоспарында Сауд Арабиясындағы Мекке мен Медина қалаларына жаяу бару бар.