Имантау көліндегі арал
Имантау көлі – Көкшетау қаласының оңтүстік-батысында, 60 шақырымдық жерде орналасқан көл. Көлдің ортасында жүрек тәріздес арал орналасқан. Ал Имантау тауы қасиетті деп саналады. Тарихи деректерге сүйенсек, оның атауы орта ғасырларда иелік еткен тұрғынның есімімен аталып кеткен. Бұл табиғи кешен «Көкшетау» ұлттық паркіне кіреді.
1996 жылы «Көкшетау» ұлттық табиғи паркі құрылған. Оның аумағы - 182 мың га. Ол екі облыста, яғни Ақмола және Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Сонау Дзержин ауданынан бастау алып, Айыртау ауданына дейін созылған. Саябақтың биіктігі 1500 метрге дейін төмен және орта таулы рельефпен, далалық көркем ландшафттармен сипатталады.
Жергілікті тұрғындар Имантауды «Тасарал», ал халық арасында «Жыланды арал» деп атап кеткен, себебі мұнда жыландар мекендейді. Сондай-ақ ХІХ ғасырда Имантауға қазақ ұлты қоныс аударғаннан «Казачий» атауымен де аталған.
Имантау көлінің ұзындығы 13 шақырым, ені 5 шақырымға жуық, ал тереңдігі 10 метрден асады. Көлдің суы тұщы, онда жүзуге де, балық аулауға да болады. Мұнда чебак, аққайран, алабұға, шортан, жылтыр тұқы балықтары және шаяндар бар.
Имантау жағалауында қайықтарды, гидромотоциклдарды және катамарандарды жалға беру қызметтерін ұсынатын бірнеше демалыс аймақтары бар.
Мұнда VIP, ерекше күмбезді, киіз үйлерді жалға алуға болады. Ерекше күмбезді үйлер «Тихая заводь» демалыс аймағында орналасқан. Үйдің аймағы 30 шаршы метрді, ал биіктігі 3.7 метр, диаметрі 6 метрді құрайды.
Жаз мезгілінде мұнда көрші мемлекеттерден де, Қазақстанның басқа қалаларынан да көптеген турист келеді. Маусым мен қыркүйек айларының аралығында күн жылы болғандықтан, су температурасы 20-25 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ мұнда ауа райы құбылмалы болғандықтан, кез келген уақытта жаңбыр жаууы мүмкін.
Имантауда тек суда қайықтармен жүзіп қана қоймай, жаяу серуендеуге, әсем табиғатпен үйлесімдік табуға болады. Солардың бірі – Имантау шоқысы.
Имантау шоқысы – фотосессиялар үшін тамаша орын, өйткені ол жерден панорамалық көрініс ашылады. Биіктікке көтерілгендер: «Шоқыға көтеріліп, бұл жердегі керемет пейзажды көргенде шаршағаныңызды ұмытасыз. Мұндағы таза ауа мен әсем табиғат бәрін ұмыттырады», - деп әсерлерімен бөліседі.
Имантаудан басқа тағы «Екі ағайынды» шоқысы және «Айыртау» тауы бар. Олар жайлы халық арасында түрлі аңыздармен шектесетін жұмбақ және қорқынышты оқиғалар жетерлік. Олардың бірі - ежелгі уақытта жау шапқанда екі ағайынды батырлар қорғаған. Соған қарамастан шайқаста қатты жараланғандықтан, өліп кеткен. Өлімнен кейін туған жерін қорғау үшін екі тауға айналған деген аңыз бар.
Олардың қарындасы ағаларының қайтыс болғанын біліп, қатты жылағаннан, яғни көз жасынан Айыртаудың етегінде «Айыртаушық» көлі пайда болды. Айыртаушық көлін «Өлі» және» «Саңырау» көлі деп те атайды. Аңыз бойынша көлге өзіне қол жұмсағандарды екі таудың арасындағы шұңғырдан суға тастап жерлеген.
Имантауға қалай жетеміз?
Ең жақын теміржол станциясы – Көкшетау. Көкшетаудан көлікпен бір жарым сағатта жетуге болады. Қауіпсіздігіңіз үшін арнайы құрылғыларды қолданғаныңыз жөн, себебі Имантауға жақын жерде ұялы байланыспен проблемалар болуы мүмкін.
Сонымен қатар күн сайын Көкшетаудан Имантауға қатынайтын автобустар да бар, екі сағатта жетуге болады. Егер көлікпен шықсаңыз, тас жолы тек Имантау ауылына дейін бар екенін есте сақтаңыз.
Имантау мен Арықбалық ауылдарының жанында шатырлармен лагерь құруға болады. Өзіңізбен бірге алғашқы көмек жинағын, масаларға қарсы спрейлерді, тотығу кремін, фото-бейнекамераны және де портативті зарядтау құрылғысын алуды ұмытпаңыз.