Қазақстанға алғаш рет баратын туристерге кеңес

  Қазақстан - түрлі елдерден туристер келетін ел. Мәдениет және спорт министрлігінің айтуынша 2022 жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келді. 

kartin

  • Қазақстандық климат континенталды болғандықтан, ауа райы күрт өзгереді. Кейбір аймақтарда жазда ауа температурасы +40-50 градусқа, ал қыста -40 градусқа жетуі мүмкін. Сонымен қатар, елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі температураның бір мерзілде 10-15 градусқа айырмашылығы болуы мүмкін. Наурыз айында оңтүстікте бәрі гүлдеп жатқанда, солтүстікте, солтүстік-шығыста әлі қалың қар жатады. Сондықтан қайда және жылдың қай мезгілінде баратыныңызды ескере отырып, жолға шыққаныңыз абзал.

kart

  • Ыңғайлы аяқ киім. Қазақстан қалаларында саябақтар мен жаяу жүріп, серуендейтін жерлер өте көп. Сондықтан өзіңізбен ыңғайлы аяқ-киім алып шығыңыз.
  • Қазақстандықтар қонақжай, ашық және бауырмал. Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындап немесе көмек қажет болса, қасыңыздан өтіп бара жатқан адамнан да сұрасаңыз, сізге ыңғайлы тілде жауап беріп, көмектеседі.
  • Қазақ немесе орыс тілдеріндегі бірнеше негізгі тіркестер керемет әсер етеді. Мысалы, «Сәлем, Сау бол», «Ашық, жабық», «Бұл қанша тұрады?» және «Рақмет» деген сөздер сізге көп көмегін тигізеді.

thanks karti VOT AINUR

  • Қазақстанға келгеннен кейін жергілікті сим-картаны сатып алыңыз, басқа елдермен салыстырғанда, әлдеқайда арзан тұрады, олар тіпті әуежайда да сатылады. Жергілікті SIM-карталар, мысалы, CityPASS сияқты туристерге арналған смарт-карталармен бірге берілетінін біліп жүріңіз.

city pass kazakhstan

  • Қалада жүргенде сенімді қызмет арқылы көлікті шақыру әлдеқайда ыңғайлы және қауіпсіз. Ауылдық жерлерде өкінішке қарай мұндай қызметтер әрдайым жұмыс істемейді, сондықтан байланыс құралдары арқылы жүргізушімен тікелей келіссөздер жүргізіңіз, айтпақшы, бұл жағдайда саудаласуға да болады.
  • Вегетариандықтарға кез-келген дәмхана немесе мейрамханада өздеріне қажет тағам таба алмайтындығына дайын болуы керек. Айта кетерлігі, Қазақстан қалаларында соңғы жылдары суперфуд, өсімдік сүті, тофу және басқа да өнімдерді сататын көптеген мамандандырылған дүкендер пайда болды.

kartinka

  • Қазақстанға көлікпен немесе мотоциклмен саяхаттауды жоспарлап отырған туристер қалалар мен ауылдар арасындағы қашықтық алыс екенін, ал жанармай құю станциялары жиі кездеспейтінін есте ұстаған жөн. Сондықтан өзіңізбен бірге қосалқы бензин құтысын алыңыз.
  • Қазақстанға келер алдында мұнда қолданылатын қосымшаларды қарап, оларды ұялы телефоныңызға жүктеп алыңыз. Қалада сіз 2Gis қосымшасы арқылы емін еркін жүре аласыз. Такси қызметі керек болса, түрлі қосымшалар бар, ең көп таралған қосымша бұл ЯндекGo.

kartink

  • Шетелдік туристерге киізден жасалған бұйымдарды сатып алуға кеңес береміз. Ұлттық өрнектер салынған сөмкелер мен пальто, ойыншықтар мен зергерлік бұйымдар. Сондай-ақ кәдесый дүкендерінде сіз этникалық стильдегі күміс пен табиғи тастардан жасалған әдемі бұйымдарды таба аласыз.

  Қазақстан - келуге тұрарлық ел. Қайталанбас табиғат көріністерін тамашалау, көне тарихи кесенелерді аралау, әлемдегі ең жас астаналардың бірін көру, қазақ халқының жергілікті дәмі мен қонақжайлылығымен танысу. Бұл ел сіздің есіңізде қалары сөзсіз.

karti