Жаз мезгілінде елордада қайда барып демалуға болады?

  Жаз - бұл жаңа әсерлер мен сапарлардың уақыты. Әсіресе жылдың осы мезгілі елордаға бару үшін өте қолайлы.

  Астанаға барудың ең қолайлы уақыты - жаз және мамырдың ортасы, осы кезеңде ауа-райының өзгеруі онша байқалмайды. Маусым айында жағажай мезгілі ашылады. Саябақтар балмұздақтар сататын орындармен толтырылады, сондай-ақ мұнда жемістерге толы себетпен көкке шыға аласыз.

1 first

  Туристер назарына: жазда қалада масалар өте көп, сіз жәндіктерге қарсы құралдарды, сондай-ақ жоғары дәрежелі SPF бар күнге күюге қарсы кремді алғаныңыз жөн, өйткені мұндағы температура 34 градустан жоғары болуы мүмкін. Қажетті заттар қатарына күннен қорғайтын көзілдірік пен қалпақты,  сондай-ақ жаңбыр жамылғыларын қосыңыз, маусымда қатты жаңбыр жаууы мүмкін, мұндай жағдайда қолшатырлар елордалық желге төтеп бере алмайды.

  Оң жағалаудың басты көрікті жері — Есіл өзенінің жағалауына бару керек. Мұнда жастар мен жергілікті тұрғындарды кездестіруге болады. Жағалауда серуендеуден басқа, кемеге мініп, өзен бойымен қаланың көркін тамашалай аласыз.  

  Елорданың сол жағалауы қызықты ғимараттармен және көптеген сауда орталықтарымен танымал. "Хан Шатыр" СОО-дан Астананың нысанына айналған  "Бәйтерек" монументіне дейін Нұржол желекжолында серуендеуді ұмытпаңыз.

2 seconnd

  Театрлар. Қалада бірнеше театр жұмыс істейді, шығармашылық бағыттары әртүрлі: қуыршақ қойылымдары мен комедиялардан бастап Булгаковтың ұлы шығармаларына дейін.

  Мұражайлар. Елордада ҚР Ұлттық музейінен бастап "Нұр-әлем" жаңа музейі және басқа да бірнеше ірі мұражай бар. Сондай-ақ қала маңында "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені орналасқан, онда қуғын-сүргін және тоталитаризм кезеңдеріне арналған бірегей экспонаттар мен құжаттар қойылған.

3 three

  Саябақтар.  Осы жылы қалада ағаштар көбейіп, саябақтар мен шағын бақтар саны артып келеді. Негізгі саябақ — Орталық саябақ. Мұнда аттракциондар, серуендеуге арналған орындар, велосипед жолдары, субұрқақтар, тіпті 130 жыл болған қаланың ең көне терегін көурге болады. Қалада Ботаникалық бақ бар. Мұнда көптеген қызықты өсімдіктер отырғызылған жылыжай орналасқан.  

  Ескерткіштер. Алтын күмбезді «Бәйтерек» - елорданың визит карточкасына айналды. Ішінде дәмханалар, мейрамханалар мен аквариумдар, жабық бақылау палубасы бар. Көптеген туристер ескерткішке Президент қолының әйгілі құймасын көру үшін барады. «Салтанат қақпасы» - биіктігі 20 метр. Ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығын білдіреді. Ішінде шағын мұражай мен бақылау палубасы бар. «Атамекен» Этно-мемориалдық кешенінде сәулет құрылыстарының, өнеркәсіптік нысандардың, ландшафттардың, демалыс орындарының және т.б. кішірейтілген көшірмелері орналастырылған.

AINUR vot tebe triumfalnaya arka bolshaya

  Аквариум. Аквариумда су астындағы тұрғындардың 200-ге жуық түрі, сонымен қатар акулалар мен тасбақалар тұратын үлкен аквариумы бар бақылау аймағы жасақталған. Мұнда теңіз жануарларының аясында фотосуреттерге түсу ұсынылады. Күніне екі рет сүңгуірлер судың ішіне кіріп, акулаларды қалай тамақтандыратынын көрсетеді.

  Шолу дөңгелегі. Қазақстандағы ең үлкен шолу дөңгелегінде елорданың әдемі көріністерін тамашалай аласыз, ал кешке романтикалық ахуалға куә боламыз.

6 sixth

  Аквапарк. Астанадағы ауданы 8500 шаршы метрден асатын жалғыз жабық аквапарк екі қабаттан тұрады. Аквапаркте жылы еден және климаттық бақылау орнатылған. Мұнда сіз орыс моншасына, хамамға, массаж бөлмесіне және фуд-кортқа бара аласыз.

  Картинг. Жылдамдықты, форсажды және машиналарды ұнататындар мұндай ойын-сауықты жақсы көруі керек. Бастапқыда картинг жарыс спортының негізі болды, бірақ қазір әркім өзін шумахер ретінде сынап көре алады.

  Квест (квест бөлмесі немесе қашу бөлмесі) - бұл салыстырмалы түрде жаңа ойын-сауық, оның міндеті - әр түрлі анықтамаларды іздеу, логикалық және математикалық басқатырғыштарды шешу және ептілік арқылы бөлмеден шығудың жолын табу. Елордалық квесттер қорқынышты бағыттарымен танымал.

  Oasis. Орталық саябақтағы ашық бассейнге ыстық күндері барған дұрыс. Мұнда 3 ашық бассейн мен дәмхана бар.

  Sky Beach Club. Әйгілі шетелдік құмды жағажай. Мұнда екі бассейн, монша және демалыс аймағы бар, онда "Хан-Шатыр" СОО-ның тамаша көрінісін көруіңізге болады.

  Әуе шарымен ұшу. Қаланың әдемі көрінісі бар романтикалық ойын-сауық. Көтеру биіктігі - 50 метрге дейін. Уақыты - 5-тен 7 минутқа дейін.

seven

  Сонымен қатар, Астанаға жақын жерде орналасқан Бурабай, Зеренді, Баянауыл сынды жерлерге тур сатып алып, баруыңызға болады.

  Онымен қоса, Астананың жанында көптеген демалыс аймақтары бар, онда самалжай немесе бөрене үйін жалға алуға, атқа мініп серуендеуге, бассейнге түсуге, кәуап пісіруге және т.б. қарастырылған.