Жеңілдетілген автонесие. Өтініш беру 15 минуттан кейін бітіп қалды
Жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлайды autonesie.kz сайты.
Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Бірақ бағдарламаға қатысушылар саны көп болғандықтан өтініш беру 15 минуттан кейін тоқтатылды.
«Өтінім қабылданбады. Автокөлік өндірушісіне қаржыландырудың еркін лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдаудың іске қосылуын күтіңіз,» - делінген autonesie.kz сайтының хабарламасында.
Сондай-ақ, Қазақстан Даму Банкі қазақстандықтардың енді өтінімді наурыз айында және ары қарай ай сайын бере алатынын еске салды.