2029 жылға қарай Қазақстан өңірлерін газбен қамту 63,4 %-ке жетеді
2029 жылға қарай ел өңірінің 63,4%-ін газдандыру жоспарлап отырғанын энергетика министрлігі мәлімдеді.
Үкіметтегі кеңесте Отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын ұсынған сала басшысы Болат Ақшолақов тауарлық газ өндірісінің төрттен бір бөлігін ұлғаятынын айтты. Химия өнімдері 6,5 есе ұлғайса, ал экономиканың энергия сыйымдылығы 5 %-ке дейін төмендейді. Мұнай өндірісі жайлы айтатын болсақ, ол Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейту есебінен өсетінін мәлім етті.
Сонымен қатар электр энергетикасы саласында 12 ГВт-қа жуық жаңа өндіруші қорлар пайда болады. Электр желілерінің техникалық құрылыстарын жаңғырту мен сол арқылы еліміздің бірыңғай энергия жүйесін қалыптастыруды аяқтау жоспарда.