Түркия мен Сирия еліне төнген қауіп
Түркияның Газиантеп қаласына жақын жерде 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері тоқтаған соң да елде ғимараттар қирап жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсету үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, табиғи апаттың салдарын жоюға қосымша көмек көрсету мәселесін пысықтауда.Еске салайық, кеше Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер келіп, құлаған ғимараттардың астынан адамдарды іздеуге кірісіп кетті.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5894-ке, Сирияда 1250-ге жетті.
Еске салайық, ақпанның 6-ы таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Ол 1939 жылдан бергі ең ірі жер сілкісіне айналды. Ақпанның 6-сы күндіз Түркияның орталығында 7,6 балдық жер сілкінісі болса, кеше елдің орталық аймақтарында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді.