Grammy- 2023 қалай өтті?

  2023 жылдың 5 ақпанында Лос-Анджелесте  65-ші “Grammy” марапаты өтті. 

  Бұл рәсімде 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың  қыркүйегі аралығындағы үздік жазбалары, композициялары мен орындаушыларын анықтайды. 2022 жылдың қарашасында номинациялар жарияланған еді. Ең көп номинацияға ие болғандардың қатарында Бейонсе (9), Кендрик Ламар (8), Адель (7) және Бренди Карлайл (7) бар.

  Салтанатты рәсімде Бейонсе барлығы 4 марапатқа ие болып, рәсім тарихындағы Грэмми жүлделерінің саны бойынша рекордсмен атанды. Бейонсенің қоржынында 33 «Grammy» жүлдесі бар.

 «Жыл альбомы» атағын Гарри Стайлс алса, ал Бейонсе «Renaissance» альбомы үшін бірден 5 мүсін жеңіп алды.