Даниал Ахметов пен РФ бас консулы Алан Хетагуровпен кездесті

  Ақпанның 8-і Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы Алан Хетагуровпен кездесті. 

 

  Әңгіме барысында шекара маңындағы ынтымақтастық, бірлескен кәсіпорындардың жұмысы, спорт пен туризмді дамыту талқыланды. Даниал Ахметов Қытайдың Тачин қаласынан Аягөзге дейінгі ұзындығы 283 шақырым жол салу жобасы басымдыққа ие екенін алға тартты. Себебі бұл жоба 2 ел үшін де Қытай Халық Республикасына шығатын қысқа жолды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар экономикалық және өзара ынтымақтастық қатынастарға жаңа серпін берері хақ.

  «Бас консул өз тарапынан Өскемен мен өңірдің үйлесімді дамып келе жатқанын, тұрғындардың мейірімді және тату екенін атап өтті. Ресейдің көптеген қалаларында қазақ диаспоралары бар, оларға мемлекет тарапынан қажетті қолдау ары қарай да көрсетіле бермек»,- деді Даниал Ахметов.