Мемлекет басшысы Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барды
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барып, елдің оңтүстік-шығысында алапат жер сілкінісінен апатқа ұшыраған бауырлас халыққа көңіл айтып, қолдау білдірді, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Түркия еліне жан-жақты көмек көрсететінін атап өтті.
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алапат зілзал жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 миллион соммасында қаражат бөлінді. ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанында тиісті қаулы қабылданды.