Саясат Нұрбек: 2029 жылға дейін 12 шетелдік ЖОО филиалдарын ашуды жоспарлануда
ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек 2029 жылға дейін елімізде 12 алдыңғы қатарлы шетелдік университтің филиалдарын ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл оқу орындарына білікті профессорлар мен зерттеушілер шақыртылатынын алға тартты.
«Былтыр Алматыда «МИФИ» Ресей Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын, Атырауда И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалын, Петропавлда Аризона Университетінің (АҚШ) филиалын аштық. Биыл тағы да алты филиал ашуды жоспарлап отырмыз», - деді министр Алматыға келген іссапарында.
Оның сөзінше, Түркияның Гази университетінің филиалын Шымкентте, АҚШ-тың Michigan State университетін Астанада, Шотландиядағы Heriot-Watt университетін Ақтөбеде, Оңтүстік Кореядағы Seoul National University of Science and Technology университетін Қызылорда, Өзбекстандағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтын Таразда және Ақтауда бірнеше неміс университеттерін ашылатынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ министр Жезқазғанда да мемлекеттік техникалық университетті ашуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.
«Біз осы жоба аясында Ұлытау облысының әкімдігімен және серіктесімізбен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Канада техникалық университетінің филиалын ашуды көздеп отырмыз. Толық мәлімет ресми келісімнен кейін белгілі болады», - деді Саясат Нұрбек.