Азия чемпионатында Ольга Сафронова екінші орын алды

  60 метрлік қашықтықты қазақстандық спортшы 7,32 секундта жүгіріп өтіп, екінші орынды иеленді. 0,4 (оннан төрт) секундқа жылдамырақ болғанда, бірінші орынға қол жеткізер еді.

  Бұл Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасының екінші медалі. Біздің спортшылар өздерінің жарыс түрлерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуімен қатар, жеңіске деген ерік-жігерін және тамаша дайындықтарын да көрсетуде. Иран елінің жүйрігі Фарзанех Фасихи біздің Ольга Сафроновадан сәл ғана жылдамырақ болды. Үшінші орынды индонезиялық спортшы Валентин Ванеса Лонтинг иеленді. Біздің спортшылар өнер көрсететін ертеңгі жарысты жанкүйерлер тағатсыздана күтуде.