Қазақстандық спортшы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтынға қол жеткізді

  3000 метрге жүгіруде Шығыс Қазақстандық атлетші үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарына шаң қаптырды.

  Біздің спортшымыз, бұған дейін үздік нәтиже көрсеткен қытайлық әріптесін басып озды. 15 айналымның 7-де Каролин бәрінен озып кетіп, басымдық көрсетті. Бұл еш күмәнсіз, біздің спортшылардың жақсы дайындығын, күштерін дұрыс пайдаланып, мәре жолына шыққанда қарқынды жүгіре білетіндіктерін көрсетеді. Нәтижесі үздік уақыт – 9.01.98 секунд, қытайлық әріптесінен 3 секунд алда болды. Біздің құраманың жанкүйерлері бұл керемет жеңіс, басқа да спортшыларымызға сәттілік әкеледі, - деген үмітте.

 

  Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жабық ғимараттардағы жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты өтуде.

  Жарыстың бірінші күнінде 3 медаль жиынтығы сарапқа салынды, барлығы 26, 12-сі ерлер бағдарламасында, әйелдерде де 12, 2-уі эстафетада.

  Мұндай деңгейдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет өтуде екендігін атап айтқымыз келеді. Оған 31 мемлекеттен 359 спортшы қатысуда, бұл мұның алдында Катар мен Тегеранда өткен жарыстарға қатысушылардан әлдеқайда артық. Жарыстар барлық әлемдік талаптар мен стандарттарға толық сай келетін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде өткізілуде.

  Біздің құрама мықты спортшылардан жасақталған, олардың көбі «Altai Athletics» клубының өкілдері, жанкүйерлер оларға зор сенім артуда. Бүгін әйелдер арасындағы көпсайысқа Надежда Богданова, Алина Чистякова, Екатерина Авдеенко қатысты, олар үшін бүгінгі күн – толық жарыс күні. Ерлер ұзындыққа секіруден жарысқа түсті. Жарыстың бұл түрінде еліміздің намысын Тимур Исаков, Сергей Степанковский және Зелімхан Насыров қорғайды. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин жақсы өнер көрсетті, оның нәтижесі – 47,15 секунд, дегенмен, катарлық және қытайлық бәсекелестері одан басым түсті. Әйелдер арасында осы қашықтықтағы жарыста Элина Михина мен Аделина Земс бақтарын сынайды.