Қазақстандағы білім беру орталықтарында лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды

  Қазақстанда колледждер студенттерді лицензиясыз оқытты. Сонымен қатар 315 тексерілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 198-і аттестаттаудан өтпеген.

  Олардың негізгілері Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Жетісу облыстарында орналасқан.

  Бұл ретте, Білім министрлігінің хабарлауынша, Астана және Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтиже көрсетуде.

  Комитеттің мәліметінше 2023 жылы еліміздің 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау іс-шаралары басталар алдында олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.