Ішкі істер министірі Петропавл мектеп оқушысының шабылуы туралы толық ақпарат берді

  «13 ақпанда Петропавл полиция басқармасына оқушылардың жарақат алуы туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында 9-сынып оқушысының сөмкесінде үйде жасалған маска табылды. Дәретханада ол сол масканы киіп, балтамен жүгіріп шыққан. Үш оқушы жарақат алды», - деді Марат Қожаев Үкімет отырысында.

  Оның айтуынша шабылдаушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер тоқтатты.

  «Қазір екі бала ауруханада жатыр, олардың жағдайы тұрақтанды, біреуі тексеруден кейін үйге жіберілді. Қазір қылмыстық іс қозғалды», - деп министрдің орынбасары мәлімдеді.

  Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай орын алды. 9-сынып оқушыларының бірі балта мен пышақ алып, сабақ басталғанға дейін орта мектеп оқушыларына шабуыл жасады.

  Прокуратура алдын ала мәліметтер бойынша шабуылдаушы психиатриялық есепте тұрғанын хабарлады.