Түркиядағы іздеу жұмыстарында Антакия провинциясында ер адамды құтқарды

  Түркияда іздеу жұмыстары жалғасуда. Антакия провинциясында ер адам құтқарылды.

  Үйінділердің астында ол 228 сағат жатқан. Сонымен қатар елдегі құрбан болғандар саны 35 мыңнан, ал Сирияда 8,5 мыңнан асады. Миллиондаған адам баспанасыз қалды. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар екі елге гуманитарлық көмек көрсетуде.

  Естеріңізге сала кетсек, ақпанның  6-сы Түркия мен Сирияда арасы 9 сағаттық интервалмен жер сілкінісі болды. Елде төтенше жағдай және 7 күндік аза тұту жарияланған болатын.

  Бұл жер сілкінісі 1939 жылы Эрзинджанда болған жер сілкінісінен кейін Түркияда ең күшті деп танылды.

  Сонымен қатар Кахраманмараш провинциясында үйінділердің арасында 220 сағаттан астам уақыт өткізген әйел құтқарылды. Ол 42 жастағы Мелике Имамоглу. Әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

  Түркия ІІМ басшысының айтуынша, бүгінде апаттың эпицентрі Кахраманмарашта үйінділерді талдау 200 учаскеде жүріп жатыр, олардың арасында тірі қалған жандар да болуы мүмкін.