Оқушылар Шымкентте тыңайтқыштар өндіруге арналған қондырғы жасады

  Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мейрамханалар мен кафелердің қалдықтарын тыңайтқышқа өңдегісі келеді. Олардың идеясы БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырған Республикалық хакатонда да жоғары бағаланды, - деп хабарлады «Хабар 24».

  Оқушылар «Прототип» номинациясында жеңіске жетті. Айта кетсек, мұндай қондырғылар әлемде бар. Оқушылардың айтуынша, отандық аналогтың артықшылығы көп. Ол арзан және электр қуатын аз пайдаланады. Олар тыңайтқыштың пісу процесін тездете алды. 10 килограмм тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдыру үшін бір жарым сағат жеткілікті.

  Өнертабысқа қызығушылық танытқаннан кейін оқушылар оны мобильді қосымша арқылы жұмыс істей алатындай етіп жетілдіруге шешім қабылдады. Биыл жобаны жүзеге асыруға ниетті.