Aq jol партиясынан кандидаттарға тіркеу куәліктері берілді

  Бүгін Мәжіліске Aq jol демократиялық партиясынан депутаттыққа кандидаттарға тіркеу куәліктері берілді. Құжаттарды партия төрағасы Азат Перуашев тапсырды.

  Еске сала кетейік, саяси бірлестіктен Парламентке барлығы 71 адам және маслихатқа 672 адам ұсынылады. Олардың көбі бизнес өкілдері.

  Aq jol демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев:

  «Құрылыс секторының өкілдері, машина жасау өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері бар. Айтпақшы, шағын және орта бизнес біздің кандидаттарымыздың арасында басым, өйткені ШОБ барлық кәсіпкерлер арасында шамамен 90 % құрайды, бұл қалыпты жағдай», - деді өз сөзінде.