Жылу желілерінің тозығы жеткен Мәулен Әшімбаев

  Биыл жыл соңына дейін жылу желілерін жаңартуға қаржы қарастырылмақ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

  Парламенттік тыңдауда Сенат спикері 2022 жылдағы ақаулардың жаңа бастамаларға сеп болғанын айтты. Оның дерегінше, жылу желілерінің 50%-тен  астамы тозып кеткен. Тіпті кей өңірлерде бұл көрсеткіш 80 %-тен  асып жығылады.

 

  «Өңірлерге жылумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмысын қолға алу керек. 2023 жылдың бюджетін нақтылау аясында осы мақсатқа қаражат қарастыру жоспарланып отыр. Бірақ бұл жылу-электр орталықтары мен инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстардың басы ғана», - деді Сенат төрағасы.