2029 жылға қарай инфроқұрылым желілері 60%-ке жаңартылады.

  2023 жылы 2 мың шақырым жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осындай мәлімдеме жасады.

  «Өңірлердің теңгерімді дамуы – ұлттық басымдықтың бірі. Базалық салалар өңірлер экономикасының қозғаушы күші болып қала береді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс, көлік салалары қамтылып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша олар 3,5%-ке өсті. Әр өңірдің дамуы үшін жасалып жатқан іс-шаралар халықтың әл-ауқатына әсер етеді. Халықтың былтырғы нақты ақшалай табысы 2019 жылға қарағанда 9,8 пунктіге өсті. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында тіркелді», - деді Р. Скляр.

  Оның айтуынша, 2022 жылы 3 мың шақырым жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылды. Ал биыл желіні қайта салу есебінен тозу көрсеткішін 50%-ке  дейін азайту жоспарланып отыр. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 %-ке төмендейді.